KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887783
2019 жылы:  21498
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.07.2013

  Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті, әлемнің танымал саясаткері Нельсон Манделаның туғанына 95 жыл толуына орай «Нельсон Мандела – бостандық, әділеттік және демократия күрескері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Нельсон Ролилахла Мандела 1918 жылдың 18 шілде күні Умтата маңайындағы Куну деген жерде дүниеге келді. Оңтүстік Африка Республикасында Мандела Мадиба атымен де танымал. Мандела тембу билеуші руының (коса субэтникалық қауымы) кіші тармағының өкілі.
  Студент кезінде ереуілдердге қатысқан, кейін Карталахта тілші боп Витватерсранда Университетіне оқуға түседі. Колледжде оқып жүріп қара нәсілдердің құқықтары үшін саяси күреске қатыса бастады. 1944 жылы құқықтанушы мамандығын ала салысымен Африка ұлттық конгресінің (АҰК) «Ұлт найзасы» атты жауынгерлік топтардың әскери қанатын құра бастады. Сонымен қатар Африка ұлттық конгресінің (АҰК) жастар одағының құрылуына үлес қосқан, 1948 жылы оның ұлттық хатшысы боп тағайындалды.
   Кейін күрестің шиеленісуіне байланысты «М жоспарын» әзірледі. Осы жоспарға сәйкес АҰК-тың топтары жасырынып істеуге көшті. 1949 жылдан – АҰК Ұлттық атқару комитетінің мүшесі. 1950 жылдан – АҰК-тың Жастар одағының ұлттық президенті болып тағайындалды. 1952 жылы Мандела Оливер Тамбо досымен бірге қара нәсілдер басқаратын тұңғыш заңды фирманы ашты. 1952 жылдан АҰК вице-президенті болды. 1956 жылы қамауға алынып, 1960 жылдан бастап жасырынып жүрді. 1961 жылы Мандела жақтаушыларымен бірге партизан соғысын жүргізетін «Ұлт найзасы» атты АҰК-ның әскери ұйымды құрды.
  Өкіметке әскери қарсылық ұйымдастырғаны үшін 1964 жылы қамауға алынды. Басында оған Роббен Айленд абақтысында өмірбойлық жаза белгіленді. Жалпы алғанда 26 жыл қамауда болды. 1990 жылы Манделаны босатты, бұл апартеидті жою әрекеттерінің басы болды. Бір жылдан кейін ОАР-да алғашқы демократиялық сайлау нәтижесінде Нельсон Мандела Оңтүстік Африка Республикасының президенті болып сайланды. 1994 жылдың мамыр айынан бастап 1999 жылдың маусым айына дейін ОАР-ның президенті болды. Ұлттық жетістіктер пен халықаралық татуластыққа қосқан үлесі үшін Манделаның халықаралық қадірі артты.
  1998 жылғы 3 қыркүйектен бастап 1999 жылғы 14 маусымға дейін – Қосылмау қозғалысының бас хатшысы болды. 50-ден артық халықаралық университеттердің Құрметті мүшесі. Халықаралық Дельфи ойындарын әзірлеу үшін 1994 жылы құрылған Халықаралық Дельфи Кеңесінің елшісі.
  1999 жылы ОАР-ның президент қызметінен кеткеннен кейін, ол ВИЧ және СПИД мәселелерінің толығырақ бетін ашуға белсене шақырды. Мамандардың берген мәліметтері бойынша, ОАР-да бес миллионға жуық ВИЧ және СПИД ауруларына шалдыққан, бұл әр бір мемлекетке қарағанда көбірек. Қазіргі таңда Н.Мандела әлемдегі ХХ ғасырдың бұрыннан келе жатқан саясаткерлерінің бірі болып табылады.
   Нельсон Мандела 20-дан астам марапаттың иегері.

  Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапхана қорынан Нельсон Мандела туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдердегі кітап және мерзімді басылымдар ұсынылған. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование