KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887784
2019 жылы:  21499
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.08.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар оқу залында белгілі геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Диаров Муфтахтың 80 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Диаров Муфтах Диарұлы 1933 жылы 9 тамызда Атырау облысының Махамбет (бұрынғы Жаманқала) поселкесінде дүниеге келген. 1955 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтының (қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) геологиялық барлау факультетінің тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітірді. 1963 жылы Индерлік экспедициялардың бас геологы болып жүріп, кандидаттық диссертациясын қорғады. 1972 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1983 жылы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 1995 жылы «Экология» Халық академиясының, 1996 жылы ҚР Минералды ресурстар академиясының академигі, 2004 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.
   М.Диаров енбек жолын 1955 жылы Гурьев облысы Индерлік геологиялық барлау экспедициясының геологы болып бастаған. 1956-1964 ж. – геолог, тематикалық партиясының бастығы, Индерлік кешенді геологиялық барлау экспедициясының бас геологы болып жұмыс істеді. Геологиялық-іздестіру, геологиялық барлау және тематикалық жұмыстардың барлық түрлерін басқарды. 1964-1978 ж.– Гурьев қаласындағы Қазақ мұнай барлау  ғылыми зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, 1978-1992 ж. – ҚазКСР ҒА мұнайлар химиясы мен табиғи тұздар институтында директордың орынбасары, директор, лаборатория меңгерушісі, 1992-1997 ж. – ҚР ҰҒА Батыс бөлімшесінің хатшы-академик орынбасары қызметтерін атқарды. 1997 жылдан қазіргі уақытқа шейін Өңірлік экологиялық мәселелер ғылыми орталығының директоры болып табылады.
   Көрнекті ғалым Батыс Қазақстанның галогенді формацияларының геологиясы мен геохимияларын зерттеулермен айналысты. Каспий маңы ойпатының және Оңтүстік-Орал алды ойпаң жерлерінің тау-кен-химиялық шикізат кендерінің қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарын белгілеп берді. Осы жылдары өндіріске бораттар мен калий тұздарының кендерін іздеулердің жаңа өндірістік әдісін әзірлеп енгізді. 260-тан астам ғылыми еңбектері мен 16 монографияның авторы.
   М. Диаровтың мұнай және газ саласының дамуында және ғылыми-ізденіс қызметі мемлекеттік наградалармен бағаланған: ҚазКСР Жоғары Кеңесі грамотасымен, оның есімі ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Алтын Құрмет кітабына жазылды (1966, 1982), «Кен орындарын алғаш ашушы» екі дипломымен, «Жер қойнауын барлаудың үздігі» белгісімен (1967, 1968), ҚР мұнай өнеркәсібіне 100 толуына байланысты «Құрмет» орденімен, «ҚР мұнай өнеркәсібіне 100 жыл» мерейтойлық медалімен (1999), А.Байтұрсынов атындағы Алтын медалімен, «Қазақстан ғылымының құрметті қызметкері» белгісімен (2005) марапатталған. Атырау қаласының құрметті азаматы  (2001), Атырау облысының құрметті азаматы (2007).

   Кітап көрмесінде М. Диаровтың өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер және ғылыми еңбектері ұсынылған: «Природные богатства Индера и их использование» (1981), «Закономерности формирования месторождений боросолевых руд» (2000), «Каспий теңізінің қазақстандық жағалауы мен айдынындағы жануарлар дүниесі» (2008, үш тілде) және т.б.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование