KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887821
2019 жылы:  21536
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.08.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Аманқос Ершуовтың 70 жылдығына орай «Көкжиегім  келешегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ершуов Аманқос 1943 жылы 18 тамызда Гурьев облысы Ембі ауданында дүниеге келген. 1967 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, еңбек жолын Гурьев облыстық  «Коммунистік еңбек» газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып бастаған. 1968-1970 жылдары өз ауылындағы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1970-1980 жылдары облыстық мектеп-интернатында оқу ісінің меңгерушісі, директор  қызметтерін атқарған.

 А.Ершуовтың алғашқы туындылары мен өлеңдері: «Бұлттар», «Қасым жыры» «Жұлдыз» (1962) журналында жарияланған. Қазақ халқының бүгіні мен өткені жайлы жырлаған шығармалары: «Көңіл тоқсан», «Жолдас комсомол», «Революция жырлары», «Өмір өрнегі» және тағы басқа да  өлеңдері поэтикалық жинаққа енген. Қазақ жастары арасында кеңінен танымал болған: «Ұрпақ сыры, «Жас қайрат» өлеңдері болды. Онда автор  комсомол жастары туралы жырлайды. Ақынның туындыларының ішінде «Шопан баласы», «Ойсылқара», «Жылқышының ұлы» және т.б. балаларға арналған өлеңдері де бар. Ол сонымен қатар «Махаббат», «Асалы и Көкетай» драмалық шығармаларының авторы.

   Ершуов Аманқос «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен (1975), «Еңбек ардагері» медалімен (1980), «Құрмет Белгісі» орденімен (1994) марапатталған.

   Көрмеде А.Ершуовтың өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер және поэтикалық туындылары: «Жас комсомол» (1971), «Көкжиегім келешегім» (1974), «Шопан баласы» (1975), «Шырқау» (1978), «Шұғылалы шақтар» (1981), «Алтын босаға» (1988), «Ойсылқара» (1990), «Бабам мен Атамның жолы – бақытқа бастайтын жол» (2002) және т.б. ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование