KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063965
2019 жылы:  129500
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.08.2013

   «Өнер» бөлімінде Қазақстанның халық суретшісі Леонид Леонтьевтің 100 жылдық  мерейтойына арналған «Кескіндеме өнерінің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Леонид Леонтьев (1913-1983) – cуретші-кескіндемеші, Қазақстанның  халық  суретшісі.
   1913 жылы 24 тамызда Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген (1939). Сол жылдан Алматы қаласында тұрып, Қазақстан Совнаркомының өнер істері басқармасының бейнелеу өнері бөліміне жетекшілік жасаған.  1939-1959 ж. Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берген.
    Әлеуметтік өмір жетістіктерін бейнелейтін көптеген туындылардың авторы:  «Колхоз базары» (1940), «Қазақстан кілемшілері» (1949),  «Ыбырай Жақаев сөз сөйлеп тұр» (1952-1953), «Колхоз басқармасында» (1957), «Шопандар» (1958) және т.б. Бірқатар қазақ өнері қайраткерлерінің, атап айтқанда «Суретші С.И.Калмыков» (1946), «Кинорежиссер С.Қ.Қожықов портреті» (1973), «Н.Нұрмұхаммедов портреті» (1980), «Суретші Қ.Телжанов портреті» (1982), «Мүсінші Е.Мергенов портреті» (1982) және т.б. портреттерін жасаған.
   Суретші «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Л.Леонтьевтің еңбектері, суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование