KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887608
2019 жылы:  21323
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.09.2013

   Әлем  әдебиеті  бөлімінде орыс жазушысы Л.Н. Толстойдың 185 жылдығына арналған «Ұлы орыс прозашысы – Лев Николаевич Толстой» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Лев Николаевич Толстой – белгілі орыс жазушысы және ойшылдардың бірі, әлем әдебиетінің танымал классигі. Императорлық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1873), көркем сөз разряды бойынша  құрметті академик (1900)..
Л. Н. Толстой 1828 ж. 9 қыркүйекте Тула қаласының маңындағы Ясная Полянада туған. Арғы тегі Ресейдің ежелгі ақсүйектері тұқымынан. Ақсүйектер үйінде тәрбиеленді.
   1844 ж. он алты жасында  Қазан университетіне түседі,  алдымен араб-түрік  тілдері  разряды бойынша философия факультетінде, кейіннен заң факультетінде оқыды. 1847 ж. курсты  бітірместен университеттен кетіп, Ясная Полянада әкеден қалған мирас ретіндегі меншігіне оралады. Артиллерияның офицері ретінде Кавказда әскери әрекеттерге қатысты. 1854 ж. Қырым соғысы кезінде  Севастопольға кетіп,  соғысқа қатысуды жалғастырды.
   Соғыс біткен соң  Санкт-Петербург қаласына кетіп  «Современник»  журналында «Севастополь әңгімелері» (1856 ж.) шығармасын жариялайды, бұл шығарма   жазушының жарқын талантының айғағы болды. Ол Европаға сапар шекті, бірақ бұл сапар оның көңілінен шықпады. 1853 - 1863 жылдар аралығында «Казактар» повесін жазды, бұдан кейін әдеби жұмысын тоқтатып,  ірі жер иесі болып, деревняда ағартушылықпен айналысамын деп шешті. Осы мақсатпен Ясная Полянаға қайта оралды, онда ол шаруа балаларына мектеп ашып, өзіндік педагогикалық жүйе құрды. 1863-1869 жылдары «Соғыс және бейбітшілік» шығармасын, 1873-1877 жылдары «Анна Каренина» романын жазды. Кейінірек «Мансаптың күші» драмасы және  «Білімнің жемісі» комедиясы, одан кейін  тұрмыс жағдайына байланысты әңгімелер сериясы жарыққа шықты. Жазушының шығармашылығын қадір тұтатын, оны рухани жетекші ретінде санайтын оқырмандары әлемнің және Ресейдің жер-жерінен  Ясная Полянаға ағылып келіп жатты. 1899 ж. «Жексенбі» романы жарыққа шықты. Жазушының соңы шығармасы – «Сергий әке»,  «Балдан кейін», «Посмертные записки старца Федора Кузьмича» әңгімелері  және «Тірі өлік» драмасы және «Қажымұрат» повесі (1896-1904 жж.)  1912 ж. жарияланды. Ол өзінің «Балалық шақ», «Ересектік» (1852-1854 жж.) және «Жасөспірім» (1855-1857 жж.) повестерін «Современник» журналында, бүркеншік атпен (аты-жөні бойынша «Л.Н.») жариялады.
   Л.Толстой 1910 жылы қарашаның 10-да Ясная Полянадан жасырын түрде  кетеді. Қарашаның 20-да Рязань-Урал теміржолы бойындағы Астапов, қазіргі Л. Толстой бекетінде дүние салып,  Ясная Полянада жерленді.
   Л.Толстойдың 174 көркем шығармасы, соның ішінде  аяқталмаған шығармалары және  болашақ шығармаларының алғашқы нобайлары сақталған.  Л.Толстойдың өзі  шығармаларының ішіндегі  78 еңбегін толықтай аяқталған деп санады және олар өзінің көзі тірісінде  басылып, шығармалар жинағына енді. Қалған 96 шығармасы жазушының өз  мұрағатында сақталып қалған және  оның қазасынан кейін басылып шығарылды.
   Ресей империясы кезінде  30 жыл  бойы (1917 жылға дейін), Л.Толстойдың 10 млн.  дана кітабы 10 тілде,  КСРО тұсында  60 млн. астам данада 75 тілде  басылып шықты.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы  Л.Н.Толстойдың шығармалары, сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс және басқа әлем тілдеріндегі аудармалары қойылды. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование