KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887594
2019 жылы:  21309
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.09.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстанның белгілі жазушысы, драматург және сценарист Әкім Әшімовтің (Тарази) 80 жылдығына орай «Қазынасын тапқан қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Әшімов Әкім Үртайұлы (лақап аты - Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1955-1956 ж. Жамбыл облысы Шу ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1956-1959 ж. «Ара» журналы және «Қазақстан пионері» газетінде редактор қызметін атқарған. 1955ж. бастап Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы. 1962 жылы Москва қаласындағы жоғарғы сценарлық курсын бітірген. 1962-1970ж. – «Қазақфильм» киностудиясында реакциялық алқа мүшесі, бас редакторы; 1970-1971ж. - «Литературная газетаның» (Москва) Қазақстан бойынша меншікті тілшісі; 1971-1980ж. - Қазақстан Кинематографиялық одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1986-1991ж. - КСРО Кинематографистер одағының хатшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, 1991-1993ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кеңесшісі, «Қаржы-қаражат» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
   Автордың шығармашылығында өмір құндылығы жайлы толғаныстар, адамның бұл өмірге неге келгендігі, оның жаратылысы туралы айтылады. Адам психологиясына терең бойлай отырып, оның ішкі жан дүниесін зерделеген жазушы өз кейіпкерлері әрекеттерінің өнегелі тұстарын ашып береді.

   Ә.Әшімовтің алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» (1966) атты повесі оқу мен еңбекті қатар ала жүріп, өмірдегі өз жолы мен бақытын тапқан ауыл жастарының өмірін бейнелейді. Жазушының қаламынан  «Үлкен ауыл», «Асу-асу», «Көкжиек», «Басынан Қаратаудың», «Жаңбырлы түндер» повестер мен әңгімелер, «Москва-Баласаз», «Қорқау жұлдыз», «Жаза», «Мұстафа Шоқай» романдары, «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Бұлтқа салған ұясын», «Возмездие», «Шер», «Песня любви», «Қиянат», «Қыз махаббаты», «Колыбельная для Адама» т.б. пьессалар, прозалық және драмалық шығармалар туындаған. Жазушының сценарийлері бойынша «Следы уходят за горизонт», «Звучи там-там», «Выстрел на перевале», «Объяснение в любви», «Молитва Лейлы» көркемфильмдері түсірілді. Еңбектері орыс және бірқатар шет ел тілдеріне аударылған.
   Әдебиеттегі үздік жетістіктері үшін Әкім Тарази «Құрмет» орденімен марапатталған, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жазушылар Одағы Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері.

   Кітап көрмесінде Ә.Ү. Әшімовтің өмірі мен қызметі жайлы материалдар және «Құйрықты жұлдыз» (1966), «Қыз махаббаты» (1982), «Жаңбырлы түндер» (1988), «Қорқай жұлдыз» (1991), «Махаббат жыры» (2000), «Қиянат» (2002), «Жолы болғыш жігіт» (2003), «Тасжарған» (2005), «Аяз бен Бибі» (2005), «Ауыл ішіндегі үй» (2006), «Мұстафа Шоқай» (2008)  т.б. шығармалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование