KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887574
2019 жылы:  21289
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.09.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде француз жазушысы Проспер Мерименің туғанына 210 жыл толуына орай  «Француз реалисі Проспер Мериме» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

  Мериме Проспер (28.09.1803-23.09.1870) – танымал  француз жазушысы, драматург, Француз Академиясының мүшесі. Ол Париж қаласында білімді химик, суретші Жан Франсуа Леонор Мерименің отбасында дүниеге келді. Париждегі заң факультетін бітіріп, шілде монархиясының министрлерінің бірі  граф Д'Артудың хатшысы, кейін Францияның тарихи ескерткіштерінің бас инспекторы қызметін атқарды. Осы қызметте тарихи  ескерткіштердің  сақталуына көп еңбек сіңірді.
   Әдебиетке алғаш  бет бұрған шағы 20 жасында. Алғашқы «Кромвель» атты тарихи драмасы Стендальдің мақтауына бөленіп, классикалық уақыт бірлігі ережесінен және қозғалыстан шегініп, әдебиетке батыл қадам жасады. Достарының мақтауына қарамай Мериме өзінің алғашқы туындысына көңілі толмай, оны басып шығармайды. Жазушының драмалық пьесалары «Гюзла»,  «Клара  Газюльдің театры» атты  халық өлеңдерінің жинағы түрінде жарық көрді.
   Жазушының 1828-1829 жылдарында «Жакерия», «Карвахал жанұясы» драмалары, «IX Карл дәуірінің шежіресі» тарихи романы, «Матео Фальконе» новелласы  басылып шықты. Мериме сол кезде «Revue de Paris» және «National» баспаларымен тығыз байланыста болған. «Revue» басылымында оның «Рeдутты жаулап алуы» әңгімесі, «Таманго», «Перл Толедо», «Этрусстық құмырасы» повестері мен Испанияда жазған хаттары жарияланды. «Артист» журналында Мадрид мұражайы туралы мақаласы, «Lacgueline» повесі, «Қайталанған қате» әңгімесі басылған. 1834 жылы «Revue des deux Mondes» баспаға ауысып, өзінің Испанияның салт-дәстүрін зерттеулері бойынша жазылған «Души чистилища», «Илльская Венера» атты повестерін жариялады. 1839 жылдың соңында Мериме Корсикаға барды. Нәтижесі «Notes de Voyage en Corse», «Коломба» повестері болды. Үлкен қалалардың өмірі, өркениеттің орталық тынысы Меримеге ұнамайтын. Жазушы сақталып қалған жабайы және өзімшіл көне салт-дәстүрлерге қызығушылық танытатын. Соның бір белгісі ретінде автордың белгілі «Кармен» новелласын айтуға болады. Цыған халқының өзімшіл әдет-ғұрпын көрсететін Кармен атты цыған қызының келбеті оған дәлел. Мерименің Греция, Италия мемлекеттерінің, Рим қаласының  тарихына байланысты шығармалары  жарық көрді. Оның  Кастилия королі Дон Педро I туралы жазған тарихи зерттеулері мамандар арасында өз орнын алуда. Жазушының көзі тірісінде соңғы «Локис» повесі шықты. «Соңғы новеллалары», «Көк бөлме» атты повестері және оның хаттары Мериме дүниеден өткен соң жарық көрді. 1875ж. «Lettres a une autre inconnue» атты еңбегі жарыққа шықты. 1870 ж. 23 қыркүйекте ХІХ ғасырдағы француз әдебиетінің сыншыл реалистерінің бірі, тамаша драматург, көркем прозаның шебері – Проспер Мериме Каннада дүниеден өтіп, Гран-Жас зиратында жерленді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдеріндегі  Проспер Мерименің шығармалары және ол туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование