KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887636
2019 жылы:  21351
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2013

   Өнер бөлімінде Қазақстанның халық әртісі Бәкір Баяхуновтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Саз саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бәкір Яхияұлы Баяхунов (1933 ж.) – композитор, ұстаз, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық әртісі (1990 ж.).  Алматы қаласында дүниеге келген. Музыка жазудағы алғашқы қадамын мектеп қабырғасында бастап,  өз ынтасымен ноталық жазуларды үйреніп, вокал, хор көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысады. 1960 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Қ.Қожамияровтың композиция класы бойынша бітіріп, 1960-1963 ж. Мәскеу Мемлекеттік консерваториясында музыкалық білімін шыңдайды.
   Бәкір Баяхунов композиторлық әлемде алғашқы кәсіби дүнген композиторы ретінде Орталық Азиядағы дүнген диаспорасының өкілі. Дүнген фольклорын жинап зерттеген, сонымен қатар қазақ музыкасын өңдеуде елеулі еңбек етті. Оның негізгі шығармалары: «Күй» симфониясы (1965), «Масанчи рухына» поэмасы (1967), үш пьесасы «Айтыс», «Жайлау», «Бәйге» (1967), № 1-7 (1980-2011) симфониялары және т.б. Композитор қытай музыкасын да өңдеуге қатысып, қытайдың көрнекті композиторы Си Синхайдың «Амангелді» симфониялық поэмасын редакциялап, оркестрге түсірген. Сонымен қатар «Жаңбыр», «Дүнген тойы», «Кедей қыздың ақылдылығы» кинофильмдеріне музыка жазған.
   Бәкір Баяхунов Композиторлар одағының шығармашылық комиссиясын басқарды, басқарма орынбасары болды. ҚазКСР Жоғарғы кеңесі жанындағы дүнген диаспорасы жөніндегі кеңесшісі (1983), Дүнген мәдени орталығының бірінші төрағасы болды. Көптеген музыкалық-сын, ғылыми мақалалардың авторы.

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы (2001), 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 65 жылдығына (2000) медальдарымен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.
Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Бәкір Баяхунов туралы әдебиеттер, оның шығармалары және  күйтабақтары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование