KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063803
2019 жылы:  129338
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.09.2013

   2013 жылы 20 қыркүйек, сағ. 11.00-де Көрмелер залында белгілі жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына  арналған  еске алу кеші өтті.

   Өтебай Қанахин 1923 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1960 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1953-1960 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан Қазақстан КП Орталық Комитетінің нұсқаушысы, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1963-1966 ж. «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966-1969 ж. Қазақстан КП  Орталық Комитетінің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969-1970 ж. «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналының бөлім меңгерушісі, 1975-1982 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1984 жылдан «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»)   журналында  әдеби қызметкер болды.
   «Екі кездесу» атты алғашқы әңгімесі 1947 жылы, «Ауыр күндер» повесі  1957 жылы жарық көрді. Кейіннен «Мұрагер» (1958 ж.) әңгімелер жинағы, «В тяжелые дни» (1961ж.), «Көл жағасында» (1960 ж.) повестері,  «Жер басып жүрсем» (1968 ж.), «Пока хожу  по земле» (1970 ж.) әңгімелер мен повестер жинақтары, «Жас дәурен» (1966 ж.), «Тұңғыш махаббат» (1966 ж.) повестері, «Дәмелі» (1962 ж.), «Маздақ» (1964 ж.), «Жүрек қалауы» (1974 ж.), «Бақыт бәйшешегі» (1976 ж.), «Құдірет» (1979 ж.), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986 ж.), «Ата қоныс» (1990 ж.) романдары және т.б. басылып шықты.
   Орыс жазушылары М.А.Шолохов, В.М.Кожевниковтардың әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне тәржімалады. Жазушының бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған. 
   Жазушы «Қызыл Жұлдыз» орденімен және медальдармен марапатталған. Жазушының есімі Алматы қаласы көшелерінің біріне берілген.
   Кешті белгілі жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мереке Құлкенов жүргізді. 
   Еске алу кешінде белгілі жазушылар: Ү.Уайдин, Д.Исабеков, М.Ысқақбай, Б.Шаханов, Ғ.Тәшімбай, Н.Ақышев, ҚазҰУ студенттері, жазушының жары С.Канахина және тағы басқалар жазушы Ө.Қанахиннің  шығармашылығына талдау жасап, естеліктерімен бөлісті.  
   Іс-шара аясында Ө. Қанахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кісіліктің биік шыңы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кешке Ө.Қанахиннің жанұясы, танымал қазақ жазушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, әдеби және шығармашылық қауым, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері қатысты.

                

                                    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование