KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887462
2019 жылы:  21177
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.09.2013

   2013 жылы 23 қыркүйек, сағ. 11.00-де Көрмелер залында танымал қазақ ғалымы, этнограф және әдебиетші Мұхамед-Халел Сүлеймановтың  «Майкы-бий, учение  «Жасау ізі» и истоки чингизма. История народов Турана в преданиях казахских биев» кітабының тұсаукесері және оның  шығармашылығына арналған  дөңгелек үстел  өтті.

 Мұхамед-Халел Төлеубайұлы Сүлейманов, негізгі мамандығы кристаллхимиясы, физика   болған,  тарихи және әдеби зерттеулермен де белсенді түрде айналысты. Ертеден танымал Жазы бидің тікелей ұрпағы болғандықтан ол тілге шешен болды. Мұхамед-Халел Төлебайұлы ел аузындағы аңыздарды, халық ауыз әдебиетін, әдеби, философиялық сөз тіркестерін жетік меңгерді.  Ұрпақтан ұрпаққа мұра болатын  бұл қасиетін өзі қадір тұтты.  Бұл оның Қазақстанда алғашқы болып  Ахмет Байтұрсынов өлеңдерінің орыс тіліндегі дәлме-дәл аудармасын жасауға мүмкіндік берді. 
   Мұхамед-Халел Сүлеймановтың кітабында  Шыңғысхан мен Жошыханның атақты жақтасы болған Майқы бидің қолында сақталған  «Жасау ізі» ежелгі зерттеулері («Яссы», Тропа существования»)  және мифтегі «Бір анадан» бастап Шыңғысханға дейінгі еуразия төсіндегі  Ұлы даланы мекендеген көшпелі халықтың  қоғамдық ой-пікірінің шығу тегі, моралі  мен  құқығы  айтылады. Идеологиялық доктрина ретіндегі шыңғысшылдықтың тарихи қайнарын ашып беретін далалықтардың өзінің бірегей тарихи  деректері ұсынылған. «Қазақ» ұлттық идеясы негізінде біртұтас қазақ ұлтының қалыптасуы туралы билердің аңыз, хикаялары және көшпелі қоғамдағы әскери аристократияға «қарама-қарсы» билер институтының  үлкен маңызы да айтылады.
   Модераторлар:  кітаптың  редакторы және шығарушысы Ілияс Сүлейманов, Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражайдың директоры Райхан Имаханбет.

   Қатысқандар: «Тұран» университетінің  доценті,  саяси ғылымдар кандидаты Алина Самай; Қазақстан  тарихшылары Ұлттық ассамблеясының ғылыми хатшысы, профессор, тарих ғылымдарының  докторы Айболат Күшкімбаев; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті  философия кафедрасының  меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Мұрат Сәбитов; шығыстанушы-ғалым, Арменияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі, тарих ғылымдарының докторы және филология ғылымдарының кандидаты Эдуард Хуршудян, автордың жары  Үмітжан Шайкемелева, Қазақстандық басқа да танымал ғылым және мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, Ұлттық кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері.

                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование