KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887454
2019 жылы:  21169
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.09.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақстандық жазушы Федор Егоровтың 100 жылдық мерейтойына орай «Не склонив головы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

        Егоров Федор Иванович (1913-1975) 1913 жылы 24 қыркүйекте Ресейдің Калмыцкая  Балка селосында (қазіргі Волгоград облысы) туған. 1953 жылы  С.М.Киров атындағы Қазақ  мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Өзінің еңбек жолын 1932 жылы корректорлықтан бастап, облыстық  «Прикаспийская коммуна» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1955 ж. республикалық «Казахстанская правда» газетінде тілші, 1969-1975 ж. Алматы жоғары партия мектебінде  аға оқытушы  болған.                
   Ф.Егоровтың шығармаларының негізі соғыс тақырыбы. Автор өз шығармаларында совет адамдарының патриоттық сезімін, ерлік пен қайсарлығын көрсете отырып  соғыс  кезінде басынан өткергені мен көргендерін, шынайы  ақиқатын оқырмандармен  бөліскісі келді.
   Ф.Егоровтың алғашқы деректі  повесі «Не склонив головы» 1958 жылы  басылған.  Кітапта  совет солдаттары мен офицерлерінің ерліктері, немістердің тұтқынына түскен солдаттардың тағдыры туралы баяндалады.  Олар туған жеріне деген  махаббаты мен рух ерлігінің қолдауымен  жеңіске жетті.  1963 жылы «Эвакогоспиталь», «Встретимся в Берлине» повестері  жарық көрген. «Эвакогоспиталь»  повесінде  әскери  дәрігерлердің, мейірбике мен санитарлардың күнделікті ерліктері, жараланған  әскерлердің  өмірі  үшін күрескені жайында жазылған.
   Ф.Егоров  совет солдаттарының ерліктерін суреттеген «Мальчишки становятся солдатами» (1969), «Две ночи наедине» (1970), «Гвардейцы» (1977) еңбектерімен  танымал.

   Ф.Егоров Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен, ҚазКСР-і Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамоталарымен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Ф.Егоровтың өмірі мен шығармашылығы, автордың әр жылдардағы еңбектері: «Не склонив головы» (1958), «Эвакогоспиталь» (1960),  «Две ночи наедине»  (1970), «Гвардейцы» (1977) ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование