KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887466
2019 жылы:  21181
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.09.2013

   2013 жылы 25 қыркүйек, сағ. 11.00-де Көрмелер залында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияcын қорытындылау, «Олжас кітапханасы» баспа үйі» шығарған «Неизвестное в наследии Мухтара Ауэзова» кітабының тұсаукесері, сонымен бірге «Әлем таныған Әуезов» атты академиялық көркемделген кітап көрмесімен танысу өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы, Мұхтар Әуезов Қоры.
  Модераторы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.О.Әуезов  атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Серікқазы Қорабай Сыбанбайұлы. 

  «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық акциясының мақсаты – Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы¬на әлем елдері оқырмандарының назарын аударумен қатар, өскелең ұрпаққа жазушының өмірі мен әдеби шығарма¬шылығын кеңінен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.
  Акция қазақ әдебиетінің классигі,  абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  туғанына 115 жыл толуына орай  ұйымдастырылды.  Акция жыл бойы, 2012 жылдың 21 қыркүйегі мен 2013 жылдың 25 қыркүйегі аралығында жүргізілді. ҚР Ұлттық кітапханасының  сайтында (www.nlrk.kz) Акция күнделігі орналастырылып, пайдаланушылардың республика бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратпен танысуына мүмкіндік берілді.
   Акцияға республиканың облыстық әмбебап ғылыми, қалалық, аудандық, ауылдық кітапханалары, оқу орындарының кітапханалары және ТМД елдерінен Санкт-Петербургтегі Ресей Ұлттық кітапханасы, «Ата-Мекен» қазақ қоғамы, Ресей Мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қ.), Украинаның Ұлттық парламенттік кітапханасы, Беларусь Ұлттық кітапханасы т.б. қатысты.
   Алғашқы құттықтау сөз белгілі мәдениеттанушы, Мұхтар Әуезов Қорының президенті М.М.Әуезовке беріліп, ол акцияның маңыздылығын, оның болашақ ұрпақтың  рухани дамуына қосар үлесін айтып өтті.
   Халықаралық акция қорытындысы бойынша акция үйлестірушісі, ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының 1-орынбасары Б.Қ.Оспанова  сөз сөйледі.  Жеңімпаздар: бірінші орынды Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, екінші орынды Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, үшінші орынды екі кітапхана - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы және Санкт-Петербург қаласындағы Ресей ұлттық кітапханасы иеленді.  Акцияға белсене қатысқан қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, сыйға кітаптар тарту етілді.
  
  Оқырман назарына ұсынылған жаңа басылым - «Неизвестное в наследии Мухтара Ауэзова» кітабында қазіргі зерттеушілер үшін  М.О.Әуезовтің  өмірі мен қызметіне байланысты бұрын белгісіз мәліметтер беретін мұрағаттық құжаттар,  сөйлеген сөздерінің стенограммалары, хаттамалар, ғылыми-педагогикалық қызметі жайлы құжаттар, сонымен қатар бұрын жарияланбаған жазушының Ғ.Мүсіреповке, Ә.Нұрпейісовке, Ә.Тәжібаевқа, Н.Ановқа жазған хаттары енгізілген. Бұл хаттарда жазушылардың  шығармашылық мақам ерекшеліктерін ашатын қызықты дәл байқаулары берілген.
   Тұсаукесерде сөз сөйлегендер: Әдебиет және өнер институтының Әуезовтану бөлімі меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, кітаптың шығуына атсалысқан Д.А.Қонаев; сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.В.Ананьева; «Олжас» баспа үйінің директоры, шығыстанушы С.Абдулло; журналист, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ғ.Тәшімбай; Омбыдағы Ф.М.Достоевский мемлекеттік әдеби музейінің директоры, Ресей мемлекетінің мәдениет қайраткері, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры, Ресей жазушылар одағының мүшесі В.С.Вайнерман; Лондондағы Ш.Айтматов академиясының президенті, Амстердамдағы қазақ өнер академиясының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.М.Абдувалиева.

  ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ұйымдастырылған «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі «Ұлан даланың ұлы жыршысы», «Мұхтар Әуезовтің әдеби мұрасы», «Кемеңгер жазушының әсем әлемі», «Әуезовтің театр-кино әлемі», «Әуезов мұрасы - ұрпақ қазынасы» атты бес бөлімнен тұрады. Көрмеде әлем тілдерінде 1500-ден астам  басылымдар қойылған. Жыл бойы жалғасқан кітап көрмесімен 7000-нан астам оқырман танысты.
   Іс-шараға қатысқандар:  танымал қазақ жазушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, әдеби және шығармашылық қауым, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері қатысты.

                 

                 

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы, Мұхтар Әуезов Қоры.
 Модераторы - филология
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование