KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887505
2019 жылы:  21220
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.09.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде  қазақ  жазушысы, драматург және аудармашы Оралхан Бөкеевтің  70 жылдығына орай «Алтайдың дара тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

   Оралхан  Бөкеев  (1943-1993 жж.) 1943 жылы 28  қыркүйекте Шығыс  Қазақстан  облысы  Қатонқарағай  ауданының Шыңғыстай  ауылында дүниеге келген. 1969 жылы С.М.Киров мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген. 1965-1968 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым  аудандық «Еңбек туы» газетінде  корректор, аудармашы,  редактордың орынбасары, 1968-1974 ж. «Коммунизм туы»  (қазіргі «Дидар») газетінде қызметкер, кейін «Лениншіл жас»  (қазіргі «Жас алаш») газетінде,  1974-1983 ж. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1983-1993 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары  және бас редакторы қызметтерін атқарды.

   О. Бөкеев шығармашылығының басты тақырыбы - күштілік пен батылдық, отанға деген сүйіспеншілік, адал  достық, жақсылық пен зұлымдық, шындық пен жалған, рухани құндылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік.
   Жазушы ең алғашқы «Қамшыгер» (1970) әңгімесімен танымал болды. Осы жинақтан кейін  басқа да әңгімелер мен повестері жарыққа шықты: «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным» (1973), «Мұзтау» (1976), «Ән салатын шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984), «Жау тылындағы бала» (1985), «Өнерге өлердей ғашық едім» (1995) эссе  жинақтары, «Өз отыңды өшірме» (1983) романы және тағы басқалары.
   «Зымырайды поездар» (1983) романында Қазақстандағы жұмысшы табының  қажырлы еңбегі мен ерліктері суреттелді. Түркісіб құрылысы қазақ даласына әсер етті. Шағын  станция тұрғындары сынақтан өтіп, соғыс жылдарында совет адамдарына түскен ауыртпашылықты бөлісті. Автор еңбекқор қазақ халқының ерекше қасиеттерін ашып көрсетті.
   О.Бөкеев драматургия саласында да жемісті еңбек етті. Республикалық облыстық,  одақтас республикалар мен шет елдері театрлары сахнасында жазушының  пьесалары бойынша  қойылымдар: «Қайдасың қасқа құлыным» (1974), «Текетірес» (1976), «Қар қызы» (1982), «Мен сізден қорқамын» (1987), балет «Кербұғы» (1986, балеттегі биді басқарушы Б.Аюханов) қойылған. Сонымен қатар «Кісі киік» (режиссер М.Смағұлов, 1985), «Сайтан көпір» (режиссер Д.Манабаев, 1986) көркем фильмдері түсірілген. О.Бөкеевтің бірқатар шығармалары әлем тілдеріне аударылған.
   Оралхан Бөкеев Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығымен (1976), Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықпен (1978), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен (1986),  «Құрмет Белгісі» орденімен  және медальдарымен марапатталған.

   Кітап көрмесінде О.Бөкеевтің өмірі мен қызметі жайлы басылымдар және оның шығармалары: «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным» (1973), «Ән салады шағылдар» (1978), «Өз отыңды өшірме» (1981), «Үркер ауып барады» (1981), «Человек- олень» (1987), «Құлыным менің» (1986), «Өнерге өлердей ғашық едім» (1995) және т.б. ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование