KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887449
2019 жылы:  21164
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.09.2013

   2013 жылы 23 қыркүйекте Баку қаласында Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен  Әзірбайжан Мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев, Еуропа ұлттық кітапханалары конференциясының президенті, Франция Ұлттық кітапханасының бас директоры – Бруно Расине, Еуразия кітапханалық ассамблеясының вице-президенті, Қазақстан Ресупбликасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры  Гулиса Балабекова және Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының директоры Керім Тахировтың ресми кездесуі болып өтті.

   Кездесу Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 90 жылдығы, Еуропа ұлттық кітапханалары конференциясы және Еуразия кітапханалық ассамблеясы мүшелерінің ХV Жалпы жиналысы аясында өткізілді. Кездесуде Әзірбайжан Республикасының  Президенті  осы іс-шаралардың  Әзірбайжанда өткізілуінің мәніне ерекше тоқталды және әртүрлі  мемлекеттердің  өкілдерінің қатысуының маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы конференцияда талқыланып отырған мәселелер кітапхана ісі дамуындағы  халықаралық ықпалдастықты кеңейтуге үлес қосатынына сенім білдіретінін айтты.
   Мерейтойлық іс-шаралар аясында  М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасы мұражайының, «Сирек кітаптар» бөлімінің және 3-ші Баку Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ресми ашылу салтанаты  өтті. Көрмеге 15 елден келген кітап ісінің мамандары қатысты. Көрме қорытындысы бойынша барлық кітаптар Әзірбайжан Ұлттық кітапханасына тарту етілді.
   Еуразия кітапханалық ассамблеясы мүшелерінің пленарлық отырысында ассамблеяның 2015 жылға дейінгі  қызметінің жаһандық  бес бөлімін  қамтитын алдағы даму жоспары талқыланды.  Бұл  Еуразия кітапханасының «Золотая коллекция Евразии» топтамасын толықтыру және ТМД-ға қатысушы елдердің шекаралас кітапханалары негізінде ақпараттық–кітапханалық кеңістікті жүзеге асыру бойынша атқарылатын  жұмыстар. Сондай-ақ «Купола Содружества» жобасы және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры бойынша гуманитарлық ынтымақтастықтың  құқықтық негізін жетілдіру және баспа өнімдерін өзара алмасу үшін қолайлы жағдайлар тудыру жөніндегі Келісім жобасы бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілді. Мәжілісте Еуразия кітапханалық ассамблеясының 2013 жылғы қызметі, қаржылық  есебі, мүшелік және құрамға кіру жарнасын бекіту талқыланды. Сонымен қатар «Вестник БАЕ» басылымының материалдары талданып, 2014 жылы Еуразия кітапханалық ассамблеясының XVI Жалпы жиналысын өткізу орны  мен уақыты анықталды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование