KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887484
2019 жылы:  21199
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.10.2013

  2013 жылы 3 қазан, сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде Франция мен Қазақстан тоғысқан маусымы 2013/2014 аясында «Атамұра» корпорациясынан қазақ тілінде жарық көрген А.С.Экзюперидің «Кішкентай ханзада» кітабының тұсаукесері өтті. 

  «Кішкентай ханзада» кітабы – балалар әдебиетінің әлемдік жауһары, аллегориялық ертегі, француз жазушысы  Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал шығармасы. Кітаптың жарық көргеніне биыл 70 жыл толып отыр. Бұл осы кітапты оқып отырған әрбір оқырман жүрегіне тебіреніс  беретін махаббат, достық, борыш, адалдық, зұлымдыққа төзбеушілік тұралы, үйдің көлеміндей кішкентай В-612 астероидында өмір сүрген Кішкентай ханзаданың өмірі туралы хикая. Мұндағы бірегей иллюстрациялар тілдік тосқауылдарды жойып, әркімге де  түсінікті, әмбебап көрнекті сөздік қордың  бөлігі болып табылады. Кітапты түпнұсқадан қазақ тіліне Қазақстан Республикасындағы Француз Елшілігі жанындағы француз тілінің маманы  Жанар Қонаева аударды.

   Іс-шара аясында Францияның Алматыдағы Бас Консулы  Патрик Ренар, «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Кұл-Мұхаммед, ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Гүлиса Балабекова, Алматы Француз Альянсының  директоры Паскаль Виторж және Қазақстан Республикасындағы Француз Елшілігі жанындағы тәжірибелі аудармашы, француз тілінің маманы, аударма авторы  Жанар Қонаеваның  қатысуларымен баспасөз-конференциясы өтті.

   Іс-шара барысында  Алматы Француз Альянсы жариялаған «Кішкентай ханзада әлемі» атты балалар суреті байқауының жеңімпаздары марапатталды. Балалар суретінің көрмесі, театрландырылған қойылым, викторина және ойындар ұсынылды.

   Фойеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан француз әдебиетін, соның ішінде жеке бір бөлімі А.С.Экзюперидің басқа да шығармаларын қамтыған  кең ауқымды  кітап көрмесі  ұсынылды.   

   Қатысушылар: Францияның Алматыдағы Бас консулдығы, Алматы Француз Альянсы, «Атамұра» корпорациясы, Алматы қаласының кітапханалары, қоғам қайраткерлері, өнертанушылар, баспагерлер, Алматы қаласының мектеп оқушылары және жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ-ның өкілдері.

  

          

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование