KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887548
2019 жылы:  21263
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.10.2013

   2013 жылы 4 қазан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында жазушы, шығыстанушы Дастан Кәдіржановтың «История про Хорошего и Доброго Парня» («Жақсы және Мейірімді Жігіт Туралы Хикая») атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Мәскеуде «Художественная литература» баспасында 1000 дана таралыммен шықты.

  «Жақсы және Мейірімді Жігіт Туралы Хикая» шығармасы сирек кездесетін роман-верлибр (еркін өлең) жанрында жазылған. Ол аса маңызды  проблема – іргелі тарихи өзгерістер болып жатқан дүниеде адамның өз рухани жолын іздеуіне арналған.
Автор өз шығармасын Кеңес Одағымен бірге құрдымға кеткен коммунистік құндылықтар жүйесінен – жеке таңдаудың кемеліне жетуін қажет ететін жаңа руханилыққа қарай бет алған аса күрделі «идеологиялық транзит» кезеңін басынан кешіп жатқан Қазақстандағы және бұрынғы кеңестік елдердегі замандастарына арнаған. Мағыналық параллельдер және автордың рухани проблематиканы жеткізу нысаны кітапқа ерекше көркемдік бейне бере түседі. 
  Мазмұндық тұрғыда роман Киелі Кітаптардың сюжеттік желістеріне, сондай-ақ адамзаттың орасан зор тарихи-мәдени мұрасына негізделген. Тарихи фантасмагориялық, уақыт жазықтықтарының үйлесуі және автордың өткен замандар мен қазіргі дәуірді тереңінен білуі әңгімелеудің бірегей қалыбын жасап, ол кітаптың бірінші беттерінен-ақ оқырманды еліктіріп әкетіп, ол өзін роман оқиғаларының нағыз кейіпкерлерінің бірі болып сезінеді.

  Іс-шараны белгілі мәдениеттанушы,  қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүргізді.

  Тұсаукесерде Б.Жылқыбаев, М.Сабитова, А.Жақсылықов, Р.Кәдіржанов, Г.Кельберт, А.Серіков, Д.Қонаев, М.Сембин және т.б. сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті.

  Тұсаукесерге Қазақстанның танымал жазушылары, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері және оқырмандар қатысты.

            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование