KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887547
2019 жылы:  21262
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.10.2013

  Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі француз жазушысы, философы Дени Дидроның 300 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Дени Дидро (1713-1784) 1713 жылы Францияның Лангр қаласында дүниеге келді. Отбасының тілегі бойынша жасөспірім Дени өзін рухани мансапқа дайындады. 1723-1728 ж. Лангрдағы иезуит колледжінде оқып, 1726 жылы аббат қызметін атқарды. 1728-1729 жылдары Дидро оқуын аяқтау мақсатында Парижге келіп, Париж университетінің өнер факультетін аяқтап, 1732 жылы магистрлық дәреже алды. Парижде адвокаттық кеңседе жұмыс істеді. Жеке дәрістер оқып, әртүрлі баспаханалар үшін аудармалар жасады, епископтарға арнайы шіркеулік рухани жолдаулар мен діни уағыздар жазды.
  1745 жылы Д.Дидроға сол кездегі атақты Чемберстің «Энциклопедиясын» француз тіліне аудару ұсынылды. 1750 жылы басылым «Ғылым, өнер және қолөнер түсіндірме сөздігі немесе энциклопедиясы» атымен жарық көрді. 1751-1780 ж. аралығында энциклопедияның отыз бес томы  шығып тұрды. Сонымен қатар, Д.Дидро Т.Стенианның «Грек тарихы», Э.К. Шефт-сберидің «Ізгілік пен адамгершілік тәжірибесі», Р.Джеймстің «Медициналық сөздігін» және т.б. ағылшын тіліне аударды. Алғашқы еңбектері: «Философиялық ойлар» (1746), «Аллея немесе Скептиктің серуені» (1747), «Нескромные сокровища» (1748), «Көзі көретіндерге соқырлар туралы нақыл хаттар» (1749), «Табиғаттану туралы түсініктеме» (1754), «Д'Аламбердің түсі» (1769 жазылып, 1830 ж.) жарық көрді. 1749 жылдың шілде-қазан айларында Дидроның еркін ойлы шығармалары  оның тұтқындалып Венсен қамалына қамалуына себеп болды.
  1765 жылы Екатерина II Д.Дидроның кітапханасын философтан 50 мың ливрге сатып алып, өз үйінде өмірбойы сақтауға және иеленуге құқылы болды. Сол кезден бастап Д.Дидро Парижден көшпей-ақ императрицаның жеке кітапханашысы қызметін атқарды. 1773 жылы философ Ресейге келіп, қазан айынан 1774 жылдың наурыз айына дейін Петербург қаласында тұрды. Қайтып келгеннен кейін, Ресейдің еуропалық өркениетке араласу кезеңіне арналған бірнеше шығармалар жазды.  50-ші жылдары: «Асыранды бала немесе Ізгіліктің сынағы» (1757), «Отбасының отағасы» (1758) атты екі пьесасы жарық көрді.
  Негізгі көркем шығармалары: «Монахиня» повесі (1760 ж. жазылып, 1796 ж. жарық көрді), «Рамоның жиені» атты роман-диалогы (1762-1779), сонымен қатар Гете шығармаларын  неміс, француз тілдеріне аударған. Д.Дидро өзінің «Жак-фаталист және оның қожайыны» шығармасын 1773 ж. неміс тіліне, 1792 ж. француз тіліне аударды. Оның көптеген шығармалары 1796 жылы жарық көргенімен, «Салондар»  атты шығармасы көзі тірісінде жарық көрмей, бірте-бірте 1795-1857 ж. аралығында жарық көре бастады. Бірқатар шығармалары көзі тірісінде жарық көрмегендіктен замандастарына белгісіз күйінде қалды.  Кейіннен 1875-1877 ж. алғашқы рет біріктіріліп, шығармалар жинағы болып шықты.
  Д.Дидро 1784 жылдың 31 шілдесінде Париж қаласында қайтыс болды.
        
  Кітап көрмесіне шақырамыз!!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование