KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887464
2019 жылы:  21179
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.10.2013

   2013 жылы 8 қазан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясы аясында жарық көрген "Надиров Надир Каримович" биобиблиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті. Көрсеткіш ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР ҰҒА, Ғылым ордасының ғылыми кітапханасымен бірлесіп шығарылды.

   Надиров Надир Каримович – ғалым, мұнай саласындағы химик,  мұнай өңдеуші, мұнайшы,  ҚазКСР ҒА академигі, ҚазКСР  ғылымы және техникасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы, КСРО Өнертапқышы.
   1983 жылы ҚР ҰҒА-ның құрылғанынан  бері мұнай саласындағы химик ғалымдардың ішінен  сайланған бірден-бір мүшесі болып табылады. Ол "Выдающийся инженер ХХ века" (2001) атағының иегері, ҚР ҰҒА Үлкен Алтын медалімен және Халықаралық инженерлік Академиясының (Москва, 2011) Үлкен Алтын медалімен, Еңбек Қызыл Ту, Достық, Парасат, Құрмет ордендерімен және көрнекті ғалымдар атындағы медальдармен марапатталған.
   1997 жылдан бүгінге дейін – ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының қалыптасуына және дамуына қомақты үлес қосушы бірінші  вице-президенті, мұнай және химиялық технология бөлімінің төрағасы, "Нефть" ғылыми-инженерлік орталығының бас директоры, академик және Халықаралық инженерлік академияның Президенттік Кеңесінің мүшесі, бірқатар шетелдік  академиялардың мүшесі,«Нефть и газ» журналының бас  редакторы.                                                             
   2001 жылы қазіргі заманауи ғылымда алғаш рет жыл сайын өткізілетін Халықаралық ғылыми Надиров оқулары құрылған. Еліміздің жетекші оқу орындарында "Мұнайгаз кешенінің ғылыми-технологиялық дамуы"  мәселесі бойынша  және ғылыми дәстүрлердің, мамандыққа шынайы берілгендіктің ұрпақтар сабақтастығы үлгісін қалыптастыруға арналған  ғылыми 10 форумы ғылыми және қоғамдық ортада үлкен қызығушылық тудырды.

    Іс-шараны филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі  Ананьева Светлана Викторовна жүргізді.

    Іс-шарада академик Надиров Надир Каримович; вице-президент, ҚР ҰИА академигі,  техника ғылымдарының докторы, профессор Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы; техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА бас ғалым хатшысы Медиева Гүлбаза Ақылқызы; техника ғылымдарының докторы, профессор, К.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ «Мұнай және газ» кафедрасының меңгерушісі Елекбаева Гүлжахан Жағыпарқызы; «Надиров Надир Каримович» көрсеткішінің жауапты редакторы Айша Байгерім; курд ақыны, жазушы, аудармашы, «Жийана курд» (Жизнь курда, Қазақстан, Алматы қ.) газетінің бас  редакторы Гасане Хаджирсулейман; «Ирныхас» қоғамдық Осетин мәдени ағарту этномәдени бірлестігінің төрағасы  Мамсуров Қазбек Владимирович сөз сөйледі. Олар  Н.К.Надировтың мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан орасан зор үлесін және қоғамдық қызметінің ролін ерекше атап өтті.

    Тұсаукесер аясында жаңа басылымдар ҚР Ұлттық кітапханасы қорына және іс-шараға қатысушыларға сыйға тартылды.

    Іс-шара аясында  академик Н.К.Надировтың өмірі мен қызметіне арналған "Ғылымдағы өмір" атты көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шараға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, мұнай газ саласы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері, оқырмандар, «Шеврон» компаниясының  және  баспасөз  өкілдері қатысты.

            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование