KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887536
2019 жылы:  21251
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.10.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ жазушысы Пернебай Дүйсенбиннің туғанына 70 жыл толуына орай «Сан қырлы қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Пернебай Дүйсенбин 1943 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Жайылма аулында туған.  1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік унивеситетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1969 жылы ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, сурет пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 1973 - 1987 ж. мектеп директорының орынбасары,1987-1993 ж. мектеп директоры,1993-1997 ж. мектеп психологы, 1997-1998 ж.«Қаратау кеншісі» - «Горняк Каратау» газетінде әдеби қызметкері, 1999-2004 ж. газет редакторы, Қаратау кен-байыту комбинаты ақпарат бюросының жетекшісі, 2004-2007 ж. Сарысу аудандық  мәслихаты тексеру комиссиясының жетекшісі кызметтерін атқарған.
   П.Дүйсенбин балаларға арналған «Жұмбақ жұлдыз» (1982), «Кішкентай генералдар» (1982), «Күлкі күмбезі» (1995), «Саудакент» (1995), «Шежірелі Сарысу» (2003), «Ән салыңызшы, әке» (2004), «Елгезек ертегілер елінде» (2004), «Үркердей болып көшкен жұрт» (2007), «Сарысунама»  (2008),  «Тектінің тұяғы еді» (2008) және т.б. повестер мен әңгімелердің авторы. 1979 ж. П.Дүйсенбинің  «Жұлдыздар неге жылайды?» атты лирикалық повесі «Жалын» журналында жарияланды. Бұл повесте қатты сырқаттанып, есту және сөйлеу қабілетінен айрылған кішкентай Тайжан атты баланың ауыр тағдыры жазылған. Автордың «Кішкентай генералдар» (1994) повесі Қазақстан Жазушылар одағының әдеби конкурсында үшінші орынды, «Дәуреннің ойыншықтары» атты повесі «Балауса» баспасында жарияланған байқауда екінші орында иеленді. Республикалық орталық басылымдарда Леонардо да Винчи, Сикейрос, Сарьян, Левитан, О.Таңсықбаев, Рылов, Коненков, Ш. Жиенқұлова, А. Ғалымбаева және т.б. өнері мен өмірі туралы очерктері мен көркем әңгімелері жарияланды. Оның «Қос қыран» (И.Панфилов и Б.Момышұлы)  атты көркем полотносы қазақ батырының туған жеріндегі мемориалдық мұражайға қойылған.
   П.Дүйсенбин «Еңбек Қызыл Ту» (1981) орденімен марапатталған. 1994 жылы  республикалық «Балауса» баспасының, 1996 жылы «Парасат» журналының лауреаты. Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының екі мәрте депутаты (1999-2007), «Құрметті азаматы».

   Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен шығармалары жайлы басылымдар және оның «Жұмбақ жұлдыз» (1982), «Кішкентай генералдар» (1985), «Елгезек ертегілер елінде» (2004), «Алаштың аяулы Ақселеуі» (2011), «Шуақты белес» (2013) және т.б. шығармалары, баспасөз беттерінде жарияланған материалдары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование