KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887530
2019 жылы:  21245
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.10.2013

   Өнер бөлімінде итальяндық композитор Джузеппе Фортунато Франческо Вердидің 200 жылдық мерейтойына арналған «Маэстро итальянской музыки» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Джузеппе Фортунато Франческо Верди (1813-1901) – итальяндық композитор, Италияның шағын Ле-Ронколе деревнясында кедей трактирші отбасында туылған. 7 жасынан деревняның шіркеуінде қызмет көрсете бастаған оны органның әуезді үні тебірентіп, әкесінен музыкаға үйретуді сұрайды. Музыкалық сауат пен органда ойнауды Петро Байстроккиден үйренді. Ата-анасы оның музыкаға қабілетін байқап, клавесин аспабының бір түрі – спинет алып береді. Үш жылдан соң 12 жасар жасөспірім Верди спинет аспабын еркін меңгеріп, әкесі оны Буссето қаласына оқуға жібереді. Музыкалық дарынды баланы бай саудагер және музыка әуесқойы Антонио Барецци байқап, қолдау көрсетеді. Ол Вердидің ұлы композитор болатынына сенім білдіреді. «Филармония Қоғамының» директоры, дирижер Фернандо Провези оны музыка өнеріне баулиды. Дж. Верди Бареццидің кеңесімен оқуын жалғастыру үшін Буссеттоға көшіп келеді. 1830 жылы А.Бареццидің қолдауымен Barezzi үйінде алғашқы рет көпшілік алдында өнер көрсетеді.
   1839 жылы Вердидің алғашқы қойылған операсы «Оберто, граф Сан-Бонифачо» үлкен табысқа ие болды. Вердиге нағыз жетістік оның үшінші «Навуходоносор» операсымен келді. Бұл опера ерлік пен патриоттық аңыз және тарихи сюжетке құрылған бірқатар шығармаларға бастау болды. Әрі қарай «Ломбардцы» (1844), «Жанна д' Арк», «Альзира (1845), «Атилла» (1846), «Разбойники», «Макбет» (1847), «Корсар» (1848), «Битва при Леньяно», «Луиза Миллер» (1849), «Стиффелио» (1850) шығармалары жазылды. 1850 жылдардың басында «Риголетто» (1851), «Трубадур» (1852), «Травиата» (1853), «Бал-маскарад» (1858), «Дон Карлос» (1867) және т.б. опералары туды.
   1870 жылдардағы ең үздік шығармасы – «Аида» операсы Египет үкіметінің Суэц каналының ашылу салтанатына байланысты арнайы тапсырыспен жазылған шығарма болатын, алайда оның қойылымы Каирдағы театрдың ашылуына орайластырылды. 1887 жылы жазылған «Отелло» және «Фальстаф» опералары Дж.Вердидің үздік шығармалары болып табылады. Бұл шығармалар итальян операсындағы жаңа бағыттың дамуына шешуші ықпал етті.
   Дж. Верди 1852 жылы Кұрметті легион француз орденімен марапатталған.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Джузеппе Вердидің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, оның шығармалары және күйтабақтары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование