KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887538
2019 жылы:  21253
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.10.2013

   2013 жылы 22 қазан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында белгілі саясаттанушы, публицист, Қазақстан Журналистер академиясының және қазақ Пен-клубының мүшесі, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадамның «Дао Алтая» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапты «Олжас кітапханасы» баспа үйі жарыққа шығарды.

     «Дао Алтая» – автордың үшінші кітабы (бұған дейін жарық көрген автордың «Служение нации» және «Казахская драма» кітаптары оқырман қауымға жақсы таныс). «Дао Алтая» тақырыптық жағынан алдыңғы екі кітабынан өзгеше. «Служение нации», «Казахская драма» кітаптары тақырыбы жағынан саяси сипатта болса, «Дао Алтая» – автордың ежелгі тарихқа саяхаты. Сейдахмет Құттықадам бұл еңбегінде зерттеушілік жанрды, яғни Бастапқы Білімнің және қазіргі өркениетке төніп тұрған қауіптің себеп-салдарын ашып көрсеткен.
Бұл орайда автор әлемдік және отандық тарих туралы өзінің ерекше болжамын жасайды. Қазіргі таңда әлемде көптеген ежелгі археологиялық артефактілер жинақталып қалды, оларға әлі күнге дейін қазіргі заманның тарих ғылымы тұрғысынан түсініктеме берілген жоқ. Сондықтан айналамызда НЛО және бейәлемдік сана көрініс табуда. Аталған мәселелер жаңа көзқарасты және оларды тарихи парадигма шеңберінде, логикалық, жүйелі тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сейдахмет Құттықадам бұл күрделі сауалдарға өзінің жауабын ұсынады.
   Бұл кітаптың  қазіргі кездегі өзектілігі – «Халық тарих толқынында» атты Елбасы ұсынған тарихи зерттеу бағдарламасымен, сондай-ақ ұлттық тарихты жаңғырту мәселесімен айқындала түседі. Тұсаукесер рәсімі ұлттық тарихты жаңғырту шараларының жоспарына енгізілген (ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалық етуімен құрылған Ұлттық тарих мәселелерін зерделейтін ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру аясында орындалады).
   Кітап адамзаттың өткені мен келешегіне ой жүгіртетін талғампаз оқырмандарға арналған.

   Тұсаукесер модераторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы.

   Тұсаукесерде А.Қошанов, С.Абдулло, В.Жәндаулетов, З.Шәукенова, К.Хафизова, Б.Жылқыбаев, А.Наурызбаева, Г.Ксенджик және т.б. сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Олар Сейдахмет Құттықадамның Қазақстан тарихына қосқан зор үлесін және қоғамдық қызметінің ролін ерекше атап өтті.
   Іс-шара аясында Сейдахмет Құттықадамның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылады.
   Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.
   Тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, танымал жазушылар, «Қазақ газеттері» ЖШС және Қазақстан Журналистер академиясы, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ Алматы қаласының кітапханашылары қатысты.

                           

                          

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование