KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15064214
2019 жылы:  129749
бүгiн:  1
қазiр:  107
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.10.2013

   2013 жылы 17 қазанда   прозаик, драматург, баспагер, аудармашы, Абай Халықаралық клубының Президенті Роллан Сейсенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына ұлы парсы-тәжік ақыны Фирдоусидің «Шахнаме» поэмасының  XVI ғасырдағы сирек қолжазбасының қыпшақ тіліндегі аудармасының репринттік басылымын сыйға тартты.

   «Шахнаме» (парсы شاهنامه‎ - «Патшалар кітабы», «Патшалар туралы кітап», «Патша-кітап», «Патшалық кітап») – парсы әдебиетінің көрнекті ескерткіші, Иран халқының ұлттық эпосы.  «Патшалар кітабында» ежелгі дәуірден бастап VII ғасырда исламның енуіне дейінгі Иран тарихы баяндалады.
   Фирдоуси  Шахнаме поэмасын 35 жыл ішінде  (976—1011 ж.) жазған және бұл поэмада парсы-тәжік фольклорының бай жиынтығын жинаған. Шығармамен айналысу барысында ол тек мұсылмандық тарихының эпизодтарын ғана емес, ежелгі Иран мифтерін, исламға дейінгі эпостарды, және Авестаны, қасиетті зороастрийцтер жазбаларын  пайдаланған.
   Қыпшақ тіліндегі қолжазба дана бүгінгі таңда әлемдегі бір ғана дана болып табылады.
   Қолжазба Р.Сейсенбаевпен Лондонда қайта қалпына келтірілген және Түркияда қайта басылған. Кітап 500 дана таралыммен шығарылған және еліміздің студенттері мен қыпшақтанушылары үшін  кітапханалар қорларына  беріледі.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Роллан Сейсенбаевқа кітапхана қорын және еліміздің құжаттық мұрасын толықтыруға қосқан орасан зор үлесі үшін шын жүректен  алғыс  білдіреді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование