KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887467
2019 жылы:  21182
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.10.2013

   Диссертациялар бөлімінде «Халық тарих толқынында»  бағдарламасы аясында «Алаш қозғалысының қайраткерлері» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   «Алаш» қозғалысы (немесе алашордашылар)  ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістер нәтижесінде пайда болды. Қозғалыстың орталық элементі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттық Алаш партиясы.  Қазақ ұлтының ұлттық демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, ЖаҺанша Досмұхамедов, Жақып Ақбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай және т.б. қайраткерлер 1905-1907 жылдары осы алғашқы жалпыұлтық саяси ұйымның құрылуына өздерінің барлық күш-жігерін жұмсады.
   Алашордашылардың бастамасы мерзімді басылымдар құру, кеңестік, либералдық, мұсылмандар ұйымының, партиялар мен қозғалыстардың  құрамына саяси күресте ынтымақтастық тәжірибесі бірегей және жан-жақты көптеген қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен және саясаткерлермен шешімді түрде енуі өзінің жемісін берді. Жеке партия құру, алғашқы  ұлттық «Қазақ» газеті арқылы қызу талқылау, парламентаризмнің қысқа ғұмырлық тәжірибесі  және  азапты 1916 жылы халық мүддесін қорғау қиыншылықтары арқылы  қоғамның этносаяси консолидациясының құралы ретінде барынша оңтайлы  жалпыұлттық партия құру ойы және оны кең ауқымда жүзеге асыру әрекеті туды.
   Алаш партиясы  өзінің қоғамдық-саяси өмірінің алғашқы күндерінен бастап ең басты екі мақсатқа  қолжеткізуді көздеді: 1. Қазақ халқын отарлық езгіден босату; 2. Қазақ қоғамын әлемдік өркениеттік қауымдастық қатарына енгізуді қамтамасыз ету.
   Партия отарланушы Қазақстанды буржуазиялық-капиталистік қатынастарға  ыңғайландыруға  ұмтылды. Олар бұған эволюциялық жолмен – реформа жолымен келуді ұйғарды. Сондықтан олар 1917 жылғы Қазан революциясының  бастамалары мен ұрандарына, және Азаматтық соғыс жылдарындағы антикеңестік және антибольшевиктік күштерге қарсы тұрды. Осы жағынан алғанда Алаш партиясы және Алаш үкіметі жеңіліске ұшырады.

   Көрмеде  қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері – «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Әлихан Бөкейхановтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Міржақып Дулатовтың, Халел Досмұхамедовтың, ЖаҺанша Досмұхамедовтың, Жақып Ақбаевтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұстафа Шоқайдың  өмірі мен қызметі туралы  1990-2000 жылдары қазақстандық зерттеушілермен қорғалған диссертациялар ұсынылған.

   Көрме «Алаш» қозғалысының тарихын және оның көшбасшыларын зерттеуші ғалымдар мен зерттеушілерге, магистранттарға және докторанттарға арналған.

                       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование