KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887474
2019 жылы:  21189
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.10.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында белгілі жазушы, драматург және аудармашы Тахауи  Ахтановтың туғанына  90 жыл толуына орай «Шалқар шабыт иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда  Ақтөбе облысы Шалқар ауданының  Қарабұтақ (қазіргі Шетырғыз) ауылында туған. Ұлы Отан соғысының  ардагері. Қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университетін бітірген. 1948-1951 ж. Қазақ мемлекттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1951-1953 ж. Қазақфильм» киностудиясының бөлім бастығы, 1953- 1954 ж. «Әдебиет және өнер» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы. 1954-1955 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, 1955-1957 ж. Қазақстан Жазушылар одағының  Қарағанды облыстық  бөлімшесінің жауапты хатшысы,  1957-1958 ж. Қазақстан Министрлер  Кеңесі жанындағы  көркемөнер басқармасының бастығы, 1971-1972 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-1984 ж. Қазақстан Мемлекеттік кітап палатасының директоры қызметтерін атқарды. Т.Ахтановтың басты тақырыбы  Ұлы  Отан  соғысы. Ол өз шығармаларының тікелей кейіпкері. Өлеңдері мен очерктері майдандық газеттерде жарияланып, 1949 жылы «Жастар дауысы» атты ұжымдық жинаққа енген. 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты алғашқы романы жарық көріп, неміс және т.б.  тілдерге  аударылған. Романда Ұлы Отан соғысы жылдары  даңққа бөленген, атақты генерал-майор Панфилов дивизиясының қаһармандық  ерлігі, қатардағы жауынгерлердің Отанға деген  парызы, адалдығы, достығы мен ерлігі шыншылдықпен бейнеленген. Романнан кейін «Махаббат мұңы» (1960), «Дала сыры» (1963), «Боран» (1966), «Үндістан хикаясы» (1972), «Шырағың сөнбесін» (1973), «Ана даусы» (1978) және т.б. романдары жарық көрді.
   Жазушыға «Боран» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.  Бұл  роман ТМД және шетел халықтарының тілдеріне аударылған. Т.Ахтанов танымал драматург,  бірқатар  драмалық шығармалардың авторы. «Сәуле», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», «Ант», «Жоғалған дос», «Күшік күйеу» пьесалары республика театрларының сахналарында қойылған. Жазушының әдеби шығармашылық  хақындағы ой-толғаныстары оның «Ғабит Мүсірепов» (1969), «Көкейкесті» (1980) атты ғылыми еңбектерінде айқын көрсетіледі.
   Т.Ахтанов орыс жазушылары  А.С.Пушкин, А.Толстой, И.С.Тургенев,  А.М.Горький әңгімелерін қазақ тіліне аударған.
   Жазушы I және II дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте  Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту (1970) ордендерімен марапатталған. В. Пикуль  атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері (1993).      
   Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен қызметі жайлы басылымдар және оның «Қаһарлы күндер» (1967), «Боран» (1968), «Керуен» (1969), «Үндістан  хикаясы» (1971), «Ана  даусы» (1978), «Көкейкесті» (1980), «Шырағың  сөнбесін» (1981) және т.б. шығармалары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование