KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887450
2019 жылы:  21165
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.10.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі ғалым Альфред Нобельдің 180-жылдығына арналған “Атақты Альфред Нобель” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Альфред Нобель шведтің химик өнертапқышы, бизнесмен, философия ғылымының докторы және академигі, өзіне өмірлік атақ қалдырған Нобель сыйлығы қайырымдылық қоры марапаттауларының негізін қалаушы. Оқымысты 1833 жылы 21 қазан айында Стокгольмде талантты өнертапқыш Иммануил Нобельдің отбасында дүниеге келген. Альфред Нобель 1864 жылғы 14 қазанда ішінде нитроглицерині бар жарылғыш затты ойлап тапқаны үшін патент алады. Бұдан кейін оның патенттері детонатор, динамит, түтінсіз оқ-дәрі және т.б. жалғаса береді. Оның өзіне тиесілі 350 патенті бар және оның барлығы жарылғыш заттармен байланысты емес. Солардың ішінде суөлшегіш, барометр, тоңазытқыш аппараттары, газ плитасының от жанатын мойны, күкірт қышқылын алудың жетілдірілген тәсілі, әскери ұшақтардың құрылғылары және басқа көптеген патенттер бар. Альфред Нобель Швеция ғылым академиясының, Лондон корольдік қоғамының, Париж азаматтық инженерлер қоғамының мүшесі болған. Өнертапқыштық сыйлықтары қатарында шведтің Поляр жұлдызы ордені, француздың – Құрметті легионы, бразилиялық Роза ордені және венесуэльдің  Боливар ордені бар. Ол бес тілді еркін меңгерген. Нобель бір-біріне тәуелсіз көптеген компания директорларының көмегімен әлемнің әр түпкіріне таралған империяны басқарып, капиталдың  20-30 пайызын иемденді. Соңғы жылдары Нобель өзінің жеке хатшысы, жас химик Рагнар Салманмен жұмыс жасады. Екеуі бірігіп  ойлап тапқан түтінсіз оқ-дәріге патент алады. Оның өмірбаянындағы ең бір айтыла бермейтін жағы – Альфред Нобельдің шығармашылығындағы драматургиялық қасиеті. Жалғыз ғана “Немизида” атты Беатрисе Ченчи туралы 4-актілі прозалық трагедиясы өмірінің соңғы күндері жазылған. 1896 жылы Парижде басылып шыққан  басылымның үш данасынан басқасы, ол дүние салысымен, шіркеу тарапынан  жанжалды және құдайға тіл тигізді деген айыппен жойылған. Кейіннен басылым 2003 жылы швед және эсперанто тілдерінде Швецияда жарияланды, ал 2005 жылы оқымыстының қайтыс болған күніне орай Стокгольмде спектакльдің премьерасы қойылды.
   1896 жылы 10 желтоқсанда Альфред Нобель Италияда, өзінің Сан-Ремодағы вилласында 63 жасында миына қан құйылып қайтыс болады. Ол өзінің бүкіл мұрасын ең беделді халықаралық сыйлық – Нобель сыйлығын  марапаттауға қалдырған. Сыйлық жыл сайын көрнекті ғылыми зерттеулерге 5 бағыт бойынша 1901 жылдан бастап Швецияда: физика, химия, физиология және медицина, әдебиет салалары бойынша, Норвегияда әлемде бейбітшілік орнатуға атсалысқаны үшін тағайындалады.

   Кітап көрмесінде А.Нобельдің өмірі жайлы әдебиеттер және Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектері қойылған.

   Барлығыңызды кітап көрмесіне шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование