KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887502
2019 жылы:  21217
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.10.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде белгілі жазушы, ақын, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы Мұзафар Әлімбаевтың тұғанына 90 жыл толуына орай «Алуан қырлы өнерпаз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданының Маралды ауылында туған. Ұлы Отан соғысының  ардагері. 1965 жылы  қазіргі әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1948 – 1958 ж. «Пионер» (қазіргі, «Ақжелкен») журналында,  «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1958-1986 ж. «Балдырған» журналының бас редакторы. М.Әлімбаев өз шығармасын  үлкендерге де, балаларға да арнаған дарынды жазушы. 1939 жылы «Қызыл ту»  облыстық газетінде тұңғыш өлеңі басылды. Соғыс жылдарында «Калининский»  және  «Волховский» майдан газеттерінде өлеңдері жарияланды.
   1952 жылы шахтерлардың еңбектері  туралы «Қарағанды жырлары» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. М. Әлімбаев «Құрбыма» (1952), «Биікке - Биікке» (1955), «Лирика» (1958), «Жауқазын» (1959), «Алатау баурайында» (1960), «Менің Қазақстаным» (1960), «Таңдамалылар» (1961), «Жолдар – жырлар» (1964), «Жүрек лүпілі» (1967), «Өшпес от» (1969), т.б. жинақтардың  және   балаларға арналған «Менің ойыншығым» (1953), «Отпен ойнама» (1959), «Орақ – олақ» (1962), «Шынықсаң – шымыр боларсың» (1977), т.б. көптеген шығармалардың  және  300-ге  жуық әндердің авторы.   
1984 жылы «Аспандағы әкпе» жыр жинағы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.     
   М.Әлімбаевтің өлеңдері әлемнің көптеген тілдерінде аударылған. Ол мақал-мәтелдерді жинады зерттеді, басқа халықтардың  «666 мақал мен мәтел» (1960), «Мақал-сөздің мәйегі» (1963), «Өрнекті сөз – ортақ қазына» (1967), «Мақалнама» (1970), «Маржан сөз» (1982), «Нақылдар» (1998), т.б мақал-мәтелдерінің жинақтарын, сонымен қатар, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, М.В.Исаковского, Н.С.Тихонов, Фирдауси, Саадат, Ш.Птефи, Ю.Фучика, Н. Хикмет, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.

   Қазақстанның халық жазушысы (1994), 2-дәрежелі Отан соғысы орденінің, «Құрмет» орденінің (1995) иегері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты  (1984),  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  (1992), Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, (1996),  Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің иегері (1993). 
   Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен қызметі жайлы басылымдар және оның «Менің Қазақстаным» (1960), «Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар»  (1961), «Жүрек лүпілі» (1967), «Өшпес от» (1969), «Көңіл күні» (1971), «Ту тіккен» (1974), «Ақсерек те көксерек» (1977), «Көңіл күнделігінен» (1980), «Көргендерім көңілде», «Балдәурен» (2008), т.б шығармалары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование