KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15064295
2019 жылы:  129830
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.10.2013

   2013 жылы 30 қазан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы дайындаған «Міндетті дана туралы» Заң жобасын талқылау өтті.

   Жобаның негізгі ережелерін талқылауға ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Г.К. Балабекова, Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Ж.Т. Сейдуманов, ҚР Орталық мемлекеттік киноқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатының директоры А.Ф. Сейітова, ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы және Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының өкілдері қатысты.
   «Міндетті дана туралы» Заң жобасы Қазақстан аумағында шығарылған құжаттардың барлық түрін жинақтау, сақтау, есепке алу және қолжетімділігінің ресурстық қоры ретінде құжаттардың міндетті данасын қалыптастыру саласында мемлекеттің саясатын айқындауға бағытталған.
   Заң жобасы құжаттардың міндетті данасын жинақтау қағидалары мен тәртібін анықтайды, олардың түрлерін бекітеді, жеткізу жолдарын, кітап өндірушілер мен алушылар категорияларын қарастырады.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование