KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887451
2019 жылы:  21166
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.11.2013

   Мерзімді басылымдар бөлімінде «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында Қазақстан авторларының  республикалық газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалары мен мәліметтерінен көрме ұйымдастырылды.

   Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен  қазақстандық мемлекеттіліктің өзін-өзі сақтау тәсілдерінің бірі ретінде тарихи жад және тарихи әділдікті қайта қалпына келтіруге бағытталған.
   Бағдарламада белгіленген баcым  мақсаттар: Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында қарқынды дамуын жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақ  халқының ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау.
   Мемлекеттік бағдарламаны құрастыру барысында отандық тарихшылар жұртшылыққа тарих ғылымын зерделеу саласындағы жаңа жобаларды, тұжырымдамаларды, ғылыми еңбектерді  ұсына отырып, Қазақстан тарихын  объективті  зерттейді.

   Көрмеге ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің  «Халық тарих толқынында» атты баяндамасы  және еліміздің жетекші ғалымдарының тарих, саясаттану, әлеуметтану саласындағы еңбектері мен мақалалары ұсынылған.

   Көрме қорға күнделікті түсетін мерзімді басылымдарда жарияланған  жаңа материалдармен толықтырылып отырады.
   Көрме Қазақстан тарихының өткені мен бүгініне  қызығушылық танытушы көпшілік оқырман қауымға арналған.

         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование