«Қазақстан кітаптары» бөлімінде әдебиеттанушы және сыншы Бақыт Кәрібаеваның 70 жылдығына орай «Сыншы, талантты ғалым Бақыт Кәрібаева» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бақыт Кәрібаева 1943 жылы 2 қарашада Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» колхозында дүниеге келген. 1965 жылы қазіргі Абай атындағы педагогикалық институтында филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Жаңаарқа ауданының «Ынталы» орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1967-1970 ж. Қарағанды педагогикалық институтында кітапханашы, 1973 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын бітірді. Б.Кәрібаева «Мұқан Иманжанов прозасындағы замандас бейнесі» (Алматы, 1975) атты кандидаттық, «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» тақырыбында ( Бішкек, 1994) докторлық дисссертация қорғады. 1975-1995 ж. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доцент, профессор, әдебиеттану кафедрасының меңгерушісі. 1998-2008 ж. Алматы қаласындағы М.Әуезов музей үйінде ғылым бөлімінің меңгеруші қызметтерін атқарды. Б.Кәрібаева бірнеше ғылыми зерттеулер мен мақалалардың авторы. 1974 жылы алғашқы «Несколько слов о рассказе» сын мақаласы «Жұлдыз» журналында басылып шықты. Автордың «Бауырмал жүрек» (1984), «Талап деңгейі» (1984), «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» (1988), «Қазақ лирикасының қайнары» (1993), «Әуезов – әлемдік тұлға» (1999), «Қара өлең мен лирика» (2001), «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары» (2001) монографиялары және 300-ден астам ғылыми-сын мақалалары жарияланды. «Қара өлең және лирика» еңбегінде қазіргі лирикалық жанр, тіл және поэтика монографиясының тегі қазіргі заман бағытында тексеріледі. Қазақ поэзиясының негізін салушылар мен оны классикалық деңгейге көтерген Біржан сал, Ақан сері, Бұқар жыраудың өлең шығарушылық тәсілдері мен қабылдаулары айқындалады. 1987 жылдан бастап ғалым және жазушы ретінде Кәрібаева Бақыт осы уақытқа дейін өзінің ғылыми айқындамасын және концептуалды арақатынасын қазақ әдебиеттануында дәйекті түрде сақтап қалды. Ол өз миссиясын көркем қағидаларға негізделген ұлттық көркем мәдениет көмегімен қазақи ұлттық руханилықты қайта дамытудан көреді.
Кітап көрмесінде жазушы Б.Кәрібаеваның өмірі мен қызметі жайлы материалдар және оның еңбектері: «Талап деңгейі» (1984), «Бауырмал жүрек» (1984), «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» (1988), «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары» (2001), «Қара өлең және лирика» (2001), т.б. шығармалары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылған.
Кітап көрмесіне шақырамыз !
|