KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887534
2019 жылы:  21249
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2013

   2013 жылы 8 қараша, сағ.11.00-де Көрмелер залында М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының Бас директоры Керим Магомед оглы Тахировпен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасы арасындағы  Ынтымақтастық жөніндегі Келісімшартқа қол қою рәсімі болды.

   Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Ұлттық кітапханаларының директорлары кітапхана ісі, ғылым, мәдениет, білім беру және Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттері арасында біртұтас ақпараттық кеңістік құру мүддесіне ұлттық кітапханалар әлеуетін барынша пайдалану мақсатында ынтымақтастық жөніндегі Келісімшартқа қол қойды.
   Келісімшарт екі мемлекеттің кітапханалық кеңістігін нығайтуға және дамытуға бағытталған, халықаралық  қарым-қатынас шеңберінде кәсіби  іс-шараларды, бірлескен жобаларды ұйымдастыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді  қарастырады.
   Кездесу барысында Әзірбайжаннан келген қонақтар үшін кітапхана бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылып, олар құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысты. Қонақтар Сандық тенологиялар қызметінің жұмысын, сирек кітаптар мне қолжазбалар бөлімінің бай қорын, консервация мен қалпына келтіру қызметтерінің құжаттық мұраны сақтау жөніндегі заманауи бағыттағы жұмыстарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.

   Іс-шараға Әзірбайжан диаспорасының өкілдері, Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының, республикалық Қазақстан әзірбайжандарының этно-мәдени бірлестігінің және Алматы филиалының өкілдері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ және кітапхана оқырмандары қатысты.


   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование