KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887482
2019 жылы:  21197
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.11.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы  Эрнест Төрехановтың 70 жылдығына орай «Тағылымы бөлек талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Төреханов Эрнест 1943 жылы 12 қарашада Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. 1962-1967 ж.  «Алматы жилстрой» тресінде құрылысшы болып жұмыс істеді.                                       
   1967 жылы С.М.Киров атындағы   мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология  факультетін бітірген. 1967-1976 ж. «Лениншіл  жас» (қазіргі «Жас алаш»)  газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1976-1979 ж.  Маңғыстау облысында «Коммунистік жол» газетінің тілшісі, 1979-1984 ж. «Жалын», «Жазушы» баспаларында редактор болды. «Қазақфильм» киностудиясында  жұмыс істеп, «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 1990 жылдан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, осы қоғамның «Ақ жарық» - «Белый свет» атты газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарды. Қазір «Ұлы дала» газетінің бас редакторы.
   Э.Төрехановтың алғашқы әңгімесі «Хантәңірі» 1978 жылы жарыққа шықты. Бұл шығармасында жазушы дүние жүзіндегі биік шыңдардың бірі, Хантәңіріне шыққан кейпкерлер  Қуаттың қайсар мінезі мен Торғын сұлу екеуінің арасындағы нәзік махаббатты баяндайды. Одан кейін «Алтын шеңбер» (1982), «Таудан түскен із» (1983), «Ер кезегі» (1984), «Алыстағы ақ қала» (1987), «Алматыда күн ашық» (1993), «Ескендір мен Роксана» (2006) атты шығармалары басылып шықты. «Ойлануға жеті күн» атты әңгімесі бойынша көркем фильм түсірілді.
   1982 жылы «Таудан түскен із» повесі республикалық жастар конкурсының («Жалын») жеңімпазы атанды. «Алыстағы ақ қала» романы үшін Мұхтар Әуезов атындағы сыйлыққа ие болды.

   «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының  «Қазақ тілінің қаһарманы» алтын медалімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде жазушы Э.Төрехановтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар және оның «Хантәңірі» (1978), «Алтын шеңбер» (1981), «Ер кезегі» (1983), «Таудан түскен із» (1984), «Алыстағы ақ қала» (1987), «Ескендір мен Роксана» (2006), «Алматыда күн ашық» (2009) және т.б. шығармалары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование