KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887522
2019 жылы:  21237
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.11.2013

   2013 жылы 11 қараша, сағ. 16.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы және  Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш аясында «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» тақырыбында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын аудандық, облыстық газеттерде бастап, республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басылымдарында қызмет істеді.
   Ол журналист, жазушы, азамат ретінде әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне зор үлес қосты. Мемлекет тарапынан көптеген марапаттарға ие болды. Туған жерінде жазушы есімімен мектептер, көше, кітапханалар аталды.
   Асқақ адамгершіліктің, Алтай табиғатының ұлы жыршысы, жазушы Оралхан Бөкей «Ұйқым келмейді», «Атау-кере», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Қара қыз» сияқты көптеген әңгіме, повесть, романдардың авторы. Жазушының шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылған. Туындыларының желісі бойынша көркем фильмдер түсірілген.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапхана қорынан О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған 100-ден аса кітаптар мен басылымдар ұсынылды.

    Кітап көрмесімен кешке қатысушылар: қоғам қайраткерлері, белгілі ақындар, жазушылар  мен әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындары студенттері, БАҚ және т.б. танысты.

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование