KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887492
2019 жылы:  21207
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2013

   2013 жылдың 14 қараша, сағ. 11.00-де Көрмелер залында атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның 70 жылдық мерейтойына орай өмірі мен қызметіне арналған «Кәмшат Дөненбаева» атты библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы дайындаған библиографиялық көрсеткіш ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғырылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасына орайластырылған.

  Кәмшат Дөненбаева 1943 ж. 15 қыркүйекте Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. 1968 ж. Қостанай облысының Боровской (қазіргі Меңдіқара) ауданындағы «Каменск-Уральский» совхозында механизаторлар даярлайтын курсты, 1977 ж. Қостанай ауыл шаруашылық техникумын бітірген.
  Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында бастаған. 1961-1967 ж. Қостанай облысы, Боровской ауданы «Каменск-Уральский» совхозының тракторисі, 1967-1990 ж. «Харьковский» совхозында механизатор болып еңбек еткен. 1980-1985 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары, 1990-1993 ж. «Харьковский» кеңшарында қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 ж. шаруа қожалығының басшысы қызметтерін атқарды.
   1972 ж. қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста 1-орынды, республикалық жарыста 3-орынды, 1973 ж. Ростов облысындағы Зерноградта өткен бүкілодақтық жарыста жүлделі орынды иеленді. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломымен марапатталды.  СОКП XXV, XXVІ, XXVІІ съездерінің делегаты,  КСРО Жоғарғы Кеңесіне қатарынан үш мәрте депутат болып сайланды.
   1975 ж. Бүкілодақтық социалистік жарыста қол жеткен табыстары үшін, егіншілік пен мал шарушылығының өнімдерін өндіру және мемлекетке сатуды молайту жөнінде тоғызыншы бесжылдық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындаған еңбегі үшін  Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі қоса тапсырылды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, екі мәрте Ленин орденімен және «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.
    Кәмшат Дөненбаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткішке 1973 жылдан бастап 2013 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер қамтылған. Көрсеткіш ауыл шаруашылығы мамандарына, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

   Тұсаукесер аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Кәмшат Дөненбаеваға арналған «Халқымыздың қайраткер қызы» атты көркемделген  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханаларының  қызметкерлері, БАҚ өкілдері. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование