KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887495
2019 жылы:  21210
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде ақын, жазушы, және әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың 95 жылдығына орай «Көркем сөздің тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Тәкен Әлімқұлов (1918-1987)  Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының  Бабата ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Мәскеудегі А.М.Горький атындағы әдебиет институтын  бітірген. Еңбек жолын 1945-1949 ж. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы болып бастаған, 1947-1955 ж. - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, 1956-1971 ж. - Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметін атқарды.
  Жазушының шығармаларына адам тағдыры, ауыл тіршілігі, өнер қайраткерлерінің өмірі, ер қанаттары арқау болған. 1950 жылы «Сапар» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Одан кейін   жазушының: «Өткен мен қазіргі» (1958), «Ақбоз ат» (1962), «Жазғы жаңбыр» (1964), «Сейтек сарыны» (1966), «Туған ауылда» (1968), «Күрең өзен» (1971), «Көк қаршыға» (1972), «Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая» (1972), «Кертолғау» (1973), «Бар өмір алда» (1974), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Сырлы наз» (1984) атты шығармалары жарық көрді.          
   Т. Әлімқұлов көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Көптеген  белгілі жазушылардың: М.Ю.Лермонтовтың «Измаил-бей» (1951), П.Павленконың «Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952), А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» шығармаларын, А.С.Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

   Әдеби шығарма төңірегіндегі еңбегі үшін Тәкен Әлімқұлов «Халықтар достығы» (1978) орденімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Т. Әлімқұловтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар  және «Сапар» (1950), «Жемісті жолда»  (1958), «О прошлом и настоящем» (1958), «Ақбоз ат» (1962, 2000), «Сейтек сарыны» (1966, 1999), «Туған ауыл» (1968), «Боз жорға» (1962), «Вся жизнь впереди» (1974), «Тұлпарлар тағдыры» (1975, 2006), «Шежірелі сахара» (1976), «Сырлы саз» (1977), «Көкек айы» (1982), «Кертолғау» (1988), «Черногривая волчица» (2003), «Музыкальная душа» (2011) және т.б. шығармалары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование