KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15064271
2019 жылы:  129806
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.11.2013

   2013 жылы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Елшілігінің Әскери Атташесі, бригадалық генералы Шахид Джавад Хан жұмыс сапарымен  келді.

   Кездесу барысында кітапхана бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылып, Әскери Атташе ҚР Ұлттық кітапханасының, Пәкістан кітап бұрышының, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының раритеттерімен, бөлімдерде ұйымдастырылған тақырыптық кітап көрмелерімен, Сандық тенологиялар қызметінің жұмысымен танысты.
   Сапар барысында ынтымақтастықтың мәдени-гуманитарлық саласы, Пәкістан кітап бұрышы қызметінің даму мәселелері талқыланды. Екі мемлекеттің кітапханалық байланыстарын нығайтуға және дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру ұсыныстары қарастырылды.
   Шахид Джавад Хан ҚР Ұлттық кітапханасының қызметіндегі инновациялық тәсілдерді, оқырмандарға қызмет көрсетуді, кітап топтамаларының бай қорын және кітапхана ұжымының тәртіптелген  қызметін ерекше  атап өтті.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование