KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887528
2019 жылы:  21243
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.11.2013

   2013 ж. 22 қараша сағ 14.00-де Көрмелер залында «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті.

   Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі жайындағы ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы отандық және шетелдік басылымдарды кеңінен көрсету.
   Көрме – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жылдарының ерекше шежіресі. Жеті  бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 3000-нан астам басылым қойылған. Онда  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмір жолы: жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.
Көрмеде республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» және облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Со¬циалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланған Н.Назарбаевтың 1958-1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 30-ға жуық мақалалары ұсынылған.

   Көрмеге  Алматы қаласы Бостандық аудандық «Нұр-Отан» партиясы филиалының  мүшелері, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері,  тарихшылар, саясаттанушылар және  т.б. қатысып, көрмемен танысты.

   Кітап көрмесі жыл соңына дейін ұсынылады.

   Көрмеге шақырамыз!

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование