KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887472
2019 жылы:  21187
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.11.2013

   2013 жылы 25 қараша, сағ. 18.00-де Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында аса көрнекті  мемлекет және қоғам қайраткері Фазыл Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған  салтанатты кеш аясында «Рухы биік нар тұлға» тақырыбында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Фазыл Кәрібжанов қысқа да мағыналы ғұмыр кешіп, бар болғаны 48 жасында дүниеден өтті. Кәрібжановтың өмірбаяны – елдің шежіресі (өмірбаяны). Ол 20-30 жылдардың қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешіріп, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда, ал соғыстан кейінгі жылдары экономиканы қайта қалпына келтіруге, көпшілікпен бірге тыңды игеруде еңбек етті. Еңбек жолын қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, КСРО Жоғары Кеңесінің төрағасына дейінгі жоғары  қызметтерге көтерілді. Фазыл Кәрімұлы қазақ халқына қызмет етудің аса жоғары үлгісін көрсетті.

   «Рухы биік нар тұлға» атты кітап көрмесінде кітапхана қорынан Фазыл Кәрібжановтың өмірі мен қызметіне қатысты әдебиеттер және отбасылық мұрағатынан алынған материалдар қамтылды. Көрмеде 150-ден астам баспалық және мерзімді басылымдар ұсынылды.

   Кітап көрмесімен кешке қатысушылар: Ф.Карибжановтың туыстары, қоғам қайраткерлері, белгілі ақындар, жазушылар мен әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындары студенттері, БАҚ және т.б. танысты.

     

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование