KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887544
2019 жылы:  21259
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2013

   Әлем  әдебиеті  бөлімінде Қырғызстанның әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

  Шыңғыс Айтматов Төреқұлұлы - қырғыз совет жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының лауреаты, үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның  Шекер ауылында партия қызметкері отбасында дүниеге келген. Болашақ жазушы әжесінің қолында тәрбиеленеді, оның алғашқы өмірге деген әсері ұлттық тұрмыспен байланысты. Отбасында қырғызша, орысша  сөйлескендіктен, оның шығармашылығы екі тілде қалыптасты. 
 Шыңғыс Төреқұлұлы 1948 жылы малдәрігерлік техникумынан кейін ауылшаруашылық институтына  түсіп, 1953 жылы аяқтайды. Алғашқы әңгімелері 1952 жылы мерзімдік басылымдарда жариялана бастады.  1956-1958 ж. Москваның  Жоғарғы әдебиет курсында оқиды. 1957 жылдың маусымында «Ала-Тоо» журналында «Бетпе бет» повесі, сол жылдары «Новый мир» журналында әңгімелері басылды. Қанаушылық көрген, жеке басының бақыты, махаббаты  үшін күрескен қырғыз әйелі Жәмиланың тағдыры  жайлы баяндайтын «Жәмила» повесі бүгінгі күнге дейін әлемнің барлық тілдерінде көпке танымал шығарма болып табылады. 1963 жылы «Тау мен дала хикаясы» жинағы жарық көреді. Жинақтағы «Алғашқы ұстаз», «Ана-Жер ана», «Шынарым менің, шырайлым менің», «Қош бол, Гүлсары!» повестерінде қарапайым ауыл адамдарының күнелтушілік күрделі психологиялық қарама-қайшылықтары және олардың  қазіргі  заманмен  қақтығысы  баяндалады.  
   Мифологиялық,  эпикалық сарын «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»  повесінің негізін қалады.  1980  жылы «Ғасырдан  да ұзақ күн»  атты алғашқы романы  қоғамда  үлкен  пікір тудырды. «Мәңгүрт» сөзі  қазіргі  адам  бойындағы  жеңіліс бермейтін өзгерістердің  символы  ретінде  өзі  орнын тауып,  болмыстың мәңгілік  негіздерімен  байланысын  үзді. 1986  жылы  екінші  «Жан пида»  романы  адамдар  өмірінің   тылсым  күштермен  байланысты  ойларын дамытады,  және осы  пікірлері  «Кассандра таңбасы» романының  негізін қалайды. Ш.Айтматовтың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, кейбірі экранда сомдалған.
   Кеңес Одағы тарағаннан кейін шет елде басылып  шыққан «Шыңғысханның ақ бұлты» (1992), «Кассандра таңбасы» (1994), «Ертегілер» (1997), «Балалық» (1998) шығармалары  және «Таулар құлағанда» («Мәңгілік  келіншек» 2006),  неміс тіліне  аударылған  «Снежный барс» (2007) шығармалары жарық көрді. Бұл жазушының cоңғы шығармасы. 1998 жылы     жазушының 70 жылдығына  орай Қырғызстанның  Батыры  және  Қырғызстанның Халық  жазушысы атақтары  берілді.      
   1988-1990 ж. «Иностранная литература» журналының бас редакторы, 1990 жылдан бастап Люксембургтегі КСРО (1992 ж. – Ресей Федерациясының) елшісі, 1994-2006 ж. Қырғызстанның Бельгиядағы, Нидерландыдағы және Люксембургтегі елшісі қызметтерін атқарды.  2006 жылы өзінің пікірлесі  Фархад  Ұстаджалилмен  бірігіп, Шыңғыс Айтматовтың  «Шекарасыз сұхбат» атты  Халықаралық  қайырымдылық  қорын  құрды және   өмірінің соңына  дейін  осы қорды басқарды.
 Жазушы 2008 жылдың 10 маусымында немістің Нюрнберг қаласында ауруханада қайтыс болды және Бішкек маңындағы   «Ата-Бейіт»  мемориалды  кешеніне   жерленді.
   Көрмеге  ҚР Ұлттық кітапхана қорынан автордың әлем тілдеріндегі шығармалары және ол туралы әдебиеттер  қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование