KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887483
2019 жылы:  21198
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2013

   2013 жылы 28 қараша, сағ. 11.00-де Көрмелер залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай танымал фотограф Самат Құсайыновтың «Сарысу – саялы мекенім» атты фотоальбом кітабының тұсаукесері өтті.

   «Сарысу - саялы мекенім» фотоальбомында Жамбыл облысы Сарысу өлкесінің тылсым табиғаты суреттелген. Сырлы сурет арқылы ауылдың арайлап атқан таңы мен көкжиекке қызара батқан кездегі қайталанбас табиғат құбылыстарын жан-жақты бейнеленген.
   Самат Серікбайұлы Құсайынов – «Алматы  ақшамы» газетінің фототілшісі қызметін атқарады. Қырағы фотографтың Германияның Штутгард қаласында (2009 ж.), Түркияның Стамбул қаласында (2009 ж.), Оңтүстік Кореяның Тегу қаласында (2010 ж.), Петропавл мен Қостанай қалаларында (2012 ж.), Алматы қаласының күндеріне орай өткен көрмелерде, сондай-ақ, 2009 жылы Астанада өткен «Сайын дала, салт-дәстүр» атты фотокөрмеде үздік фотолары қойылды. Бұдан бөлек, «Аңсаған ата жұрт» (2005 ж.), «Көш бастаған Елбасы» (2010 ж.) фотожинақтарына суреттері енгізілген. 2008 жылы жарық көрген «Сарысудың сырлы суреті» атты фотожинақ кітабы үшін 2009 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

   Кеш модераторы – журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Алматы қаласындағы бюросының жетекшісі Дәурен Дариябек.
   Тұсаукесерде А.Шалқарбаев, М.Райымбекұлы, Ә.Бөпежанова, О.Жатқанбайқызы, А.Смағұлов және т.б. сөз сөйлеп, С.С.Құсайыновтың еңбектері туралы өз пікірлерін білдіріп, олардың маңыздылығын атап өтті.

   Іс-шара аясында Самат Құсайыновтың «Елбасы және Алматы» атты фото көрмесі ұйымдастырылды.

   Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

   Кешке С.Кұсайыновтың туған-туыстары, әдеби және шығармашылық қауым, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері қатысты.  

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование