KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887479
2019 жылы:  21194
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.12.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Айтмұхамбетовтың  70 жылдығына орай «Ғалым. Ұлағатты ұстаз» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Абай Ахметқалиұлы Айтмұхамбетов 1943 жылы 5 желтоқсанда Қостанай облысының Меңдіқара  ауданындағы  Бурабай ауылында дүниеге келді. 1969 жылы  С.М.Киров  атындағы (қазіргі әль-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін ойдағыдай аяқтап, 1977 жылы осы университтетінің аспирантурасын бітірді. Еңбек жолын 1969 жылы Қостанай педагогикалық   институтында  мұғалім болып бастады. 1977-1987 ж. Қостанай педагогикалық институтында аға оқытушы,  доцент, жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика факультетінің  деканы қызметтерін атқарды.
   А. Айтмұхамбетов «Жер айналасы ғарыштық кеңістігіндегі  радиациялық жағдайлар» тақырыбында кандидаттық, докторлық диссертациясын қорғады (Алматы,1998 ж.). 1987-1991 ж.  Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда  педагогикалық институтының ректоры, 1991-2006 ж. Ш.Ш.Уалиханов атындағы  Көкшетау  университетінің ректоры қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Қазақстан Республикасының Халықаралық ғылым академиясы жоғары мектебінің корреспондент мүшесі.
    А. Айтмұхамбетовтың ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – ядролық физика, ғарыштық кеңістік физикасы. Ғалым-физик кітаптар мен  монографиялардың авторы, 150-ден астам ғылыми еңбектері шетел басылымдарында (Англия, АҚШ, Германия, Жапония, Австралия, Болгария) жарияланды.
   А. Айтмұхамбетовтың 2001 жылы Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындары  ректорлары арасында өткен байқаудағы жеңісі оның Бельгия мен Францияның, Польша мен Түркияның жоғары оқу орындарында, тәжірибе алмасуға, сол елдердің білім беру жүйелерімен  тереңірек танысуға мүмкіндік берді. 
   Білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін  А. Айтмұхамбетов «Ы.Алтынсарин» атындағы медалімен, «Қазақ  КСР  халық ағарту  үздігі», «ҚР білім және ғылымның құрметті қызметкері» белгілерімен марапатталған. ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат (1990), Ақмола облыстық Мәслихатының депутаты (1999-2003). 2003 жылы Париждегі Француз өнеркәсіпке ықпал ету қауымдастығы тапсырған  француздың құрметті наградасы «SPI алтын медалімен» марапатталған.

   Кітап көрмесінде А. Айтмұхамбетовтың ғылыми еңбектері, өмірі мен еңбек жолы жайында материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование