KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062974
2019 жылы:  128509
бүгiн:  2379
қазiр:  86
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.12.2013

   2013 жылы 6 желтоқсан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Журналистер Одағының, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің хатшысы Озифа Жатқанбайқызы әл-Таразидің «Бабадан – балаға, Ғасырдан – Ғасырға» және ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының академигі Орақбай Зубаировтың «Төгінді сулар және оларды пайдалану» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   Модератор:  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актер, әнші, композитор, ақын, драматург, Қазақстан авторлары қоғамының бас директоры Байғали Есеналиев.

   Тұсаукесерде К.Серикбаев, С.Досанов, Т.Айтбайұлы, Ш.Сариев, А.Ақанаев, Б.Заурбекова, О.Асылы, А.Г.Рау, Х.Ғабжалилов, С.Сманқұлов, А.Қырықбаев және т.б сөз сөйлеп, Орақбай Зубаиров пен Озифа Жатқанбайқызының еңбектеріне өз пікірлерін білдіріп, олардың маңыздылығын атап өтті.

   Іс-шара аясында Талғат Күзембаев, Рымкеш Жұмаділова, Болатбек Бөкенов т.б. әншілер өнер көрсетті.

   Тұсаукесер аясында «Отбасылық ұстанымы - жақсылыққа ұмтылу» атты кітап  көрмесі ұйымдастырылды.

   Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

  Қатысушылар: туған-туысқандары, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері,  оқырмандар, БАҚ өкілдері.

   


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование