KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063023
2019 жылы:  128558
бүгiн:  2428
қазiр:  88
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.12.2013

   ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан!» атты кең ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрмеге қазақ, орыс және шет тілдердегі 4500-ден астам басылым қойылып отыр.
   Көрме «Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік шыңы - Желтоқсан», «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті», «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты  4 бөлімнен тұрады.

   «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі егеменді Қазақстанға арналған. Ұсынылған құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды  суреттейді. Бөлім құжаттарының ішінде  – энциклопедиялар, альбомдар, кітаптар бар.
   «Тәуелсіздік шыңы - Желтоқсан» бөлімі 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына арналған. Көрмеде Қ.Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны», М.Қ.Қозыбаевтың «1986 желтоқсан... дақпырт және шындық», Б.Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан!», «Азаттық аңсағандар» және т.б. кітаптар ұсынылған.
   «Нұрсұлтан Назарбаев –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты бөлімде  Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары бар. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігімізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл» және т.б. кітаптары қойылған.
   «Астана – Отанымыздың жүрегі» бөлімінде жаңа астанамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, тәуелсіздіктің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!    

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование