KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887469
2019 жылы:  21184
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2013

   2013 жылы 12 желтоқсан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында Қазақстандағы Франция мәдениеті жылы шеңберінде «Поль Гурдэ – Верный қаласының французы» және «Мұстафа Шоқай. 12 томдық Толық шығармалар жинағы»  кітаптарының тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

   Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми қазына» атты мақсатты бағдарламасы шеңберінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Елшілігі мен «Alliance Francaise» қолдауымен қазақ, орыс және француз тілінде шығарылған «Поль Гурдэ – Верный қаласының французы» атты кітап кейбір ғимараттарды жобалауға ғана емес, сонымен қатар ағартушылық қызметіне өз үлесін қосқан Верный (қазіргі Алматы) қаласының  көрнекті сәулетшісі – Поль Гурдэнің (1846-1914) өміріне арналған. Қазақстан Республикасы және Францияның мұрағаттық қорларында сақталған құжаттар мен материалдардың басым бөлігі ешқашан жарияланбаған және ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр. Кітаптың иллюстрациялық материалы айрықша құндылыққа ие. XIX-XX ғасырдың басындағы Алматы қаласының тарихы мен мәдениетінің айғағы болатын фотосуреттерге баға жетпейді.
   Шығыстану институты көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, публицист Мұстафа Шоқайдың 12 томдық еңбектерін шығарып отыр. Еңбектерінің толық басылымын 2015 жылы, М. Шоқайдың 125-жылдық мерейтойына арнап шығаруды жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі кезде 6 томы жарық көрді. Дүниежүзілік тәжірибеде алғаш рет, М. Шоқайдың барлық түпнұсқа еңбектерін анықтау және заманауи археографиялық талаптарға сәйкес жоғары ғылыми дәрежеде басып шығару жүзеге асырылуда. Оның көп еңбектерінің түпнұсқаларының көшірмелері Ресей Федерациясы, Францияның Сыртқы істер министрлігі, Гувер Институтының (АҚШ) мұрағаттарынан, Түркия, Англия, Польша, Грузия, Өзбекстан мен басқа мемлекеттердің кітапханаларынан сатып алынды. 2011 жылы И.Н. Тасмағамбетов мырзаның көмегімен Франциядан Мұстафа Шоқайдың жеке мұрағатының электрондық көшірмесін сатып алу осы жобаны іске асыруда зор демеу болды. Басылым ғылыми түсініктермен, Мұстафа Шоқайдың жеке жұмыстарының факсимилесі, оның жеке мұрағатының құжаттарымен және иллюстрациялармен қамтылған.
   Модератор: тарих ғылымдарының докторы, профессор, Республикалық тарихи құжаттарды зерттеу жөніндегі  ақпараттық орталықтың директоры  М.Әбусеитова.
   Тұсаукесерде: филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Б.Дербісәлі,  Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдениет және техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Йохан Юрес, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Х.Арыстанбекова, доктор,  Француз Орталық Азияны Зерттеу Институтының (IFEAC) директоры Оливье Феррандо, тарих ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының профессоры К.Л.Есмағамбетов, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану, дінтану институтының профессоры Ә.Н.Нысанбаев, доктор PhD, Bitlis Eren University Вежихи Сефа Фуат Хекимоглы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры М.Қ.Қойгелдиев, профессор, Maison de la Science de l Homme Винсент Фурньо, Француз Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Патрик Ренар және т.б сөз сөйледі. 

   Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.
Тұсаукесерге Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы Елшілігі, Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулдығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, сонымен қатар, кітаптардың    авторлары мен редакторлары, белгілі француз және қазақ ғалымдары, тарихшылар, жазушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование