KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887518
2019 жылы:  21233
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.12.2013

   Өнер қызметінде халық композиторы, әнші, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық  мерейтойына арналған «Арқаның арқалы әншісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1931) – халық композиторы, ақын.  Павлодар облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Иманжүсіптің  ата-бабалары ерікті ойлары бар, тәуелсіз өмірді армандаған адамдар болған. Иманжүсіп Құтпанұлы жастайынан жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал-серілер дәстүрін ұстанып, саятшылық құрып, палуан атанған. Суырып-салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқап, Жаяу Мұсамен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңесін тыңдаған. Әділеттілікті, теңдікті жырлаған күрескер бірнеше рет қуғынға ұшырап, жалған жаламен  1905-1912 ж. Өскеменге, 1914 ж. Жетісуға жер аударылады.
   Иманжүсіп Қүтпанұлының кең ауқымды әндері Арқада, Жетісуда таралған.  «Сарымойын»,  «Бұғалы мен тағалы», «Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шонай»,  «Қысырақтың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын», т.б. әндері бар. Оның әндерін А.В.Затаевичке Қ. Байжанов, Қ.Байсейітов, И.Байзақовтар нотаға түсірткен. Иманжүсіп Құтпанұлының әндері А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» атты жинағына «Иманжүсіптің әні» атауымен енгізілген. Соңғы жылдары фольклорлық экспедицияда Иманжүсіптің «Сейфүл-мәлік», «Сарыарқа», (4 нұсқасы), «Сарыбел», «Ерейментау» (2 нұсқасы), «Болған жастан» (2 нұсқасы), т.б. жаңа әндері жазылған. «Сарымойын» әні Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында пайдаланылды.  2001 ж. жарық көрген «Иманжүсіп» (авт. Р. Көшенова) атты кітапқа Иманжүсіп әндері толық енген.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Қ.Иманжүсіптің еңбектері,  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.      

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование