KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887550
2019 жылы:  21265
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2013

  «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстанның танымал жазушысы Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына орай «Замана перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Өтебай Қанахин (1923-1990) 1923 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған. Жазушы, қоғам  қайраткері. Еңбек жолын 1940 жылы ауыл мұғалімі қызметінен бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.                    
 1953-1960 жж. – «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, «Ара» журналында бөлім меңгерушісі болды. 1960-1963 жж. – Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1963-1966 жж. - «Жазушы»  баспасында бас редактор, 1966-1969 жж. - Қазақстан КПОК-нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969-1970 жж. - «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, 1971-1975жж. -  «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында бөлім меңгерушісі, 1975-1982 жж. - Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық алқасының бас редакторы, 1984 жылдан бастап «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында  әдеби қызметкер болды.
   Жазушының алғашқы «Ауыр күндерде» атты повесі 1957 жылы жарияланды. Шығарманың негізгі мазмұны Ұлы Отан соғысы уақытындағы кеңес халқының өмірін, ерлігін, батырлығын кеңінен суреттейді. Осы шығармадан кейін жазушының «Мұрагер» (1958), «Көл жағасында» (1959), «Дәмелі» (1962), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1977), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б шығармалары жарық көре бастады.
   Жазушының шығармалары КСРО халықтарының бірнеше тілдеріне аударылды. Орыстың белгілі жазушылары М.А.Шолохов және А.М.Кожевниковтің әңгімелері мен повестерін  қазақ тіліне аударды.

    Өтебай Қанахин «Қызыл жұлдыз» орденімен және жауынгерлік еңбегі үшін бірнеше КСРО медальдарымен марапатталған.

   Көрмеде Ө.Қанахиннің өмірі мен қызметі жайлы материалдар, жазушының шығармалары және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование