KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887460
2019 жылы:  21175
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2013

   2013 жылы 20 желтоқсан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында  белгілі қазақстандық жазушы Герольд Бельгердің  «О Леонарде Кошуте», «Миниатюры», «О, Казахи мои!»  атты кітаптарының тұсаукесері  өтті.

   Герольд Карлович Бельгер – белгілі қазақстандық жазушы және публицист, қазақ, орыс, неміс тілдерінде еркін жазады, өзінің жазушылық ұстанымының беріктігі мен адалдығы арқылы оқырман қауымының ерекше құрметіне бөленген қаламгер.
   «О Леонарде Кошуте» кітабы әдебиетші-баспагер, аудармашы, сыншы, эссеист, кешегі Кеңес Одағы тұсындағы ұлттық әдебиетті насихаттаушы, Абай шығармаларының неміс тіліне аудармашысы, Германия тұрғыны – Леонард Кошутенің дара тұлғасына арналған. Кітаптың негізіне Герольд Бельгердің Л.Кошуте туралы мақалалары мен хаттары жартылай алынған.
   Екінші кітап – «Миниатюры» бірегей  өнегелік пен көркемдік тұтастықтың бастауы болып табылатын «Плетенье чепухи»  публицистикалық этюдтар циклы және алыс- жақын туралы  миниатюралар қамтылған екі бөлімді еске алу кітабы.
   Қаламгердің «О, казахи мои!» кітабы  «Размышления» және «Наблюдения» атты екі бөлімнен тұрады: танымал қазақстандық жазушылар, публицистер, сыншылар және олардың шығармашылығы туралы баяндайды. Кітап қаламгердің қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне деген шынайы сүйіспеншілігін, сонымен қатар тіл және әдебиет тағдырына  алаңдаушылығын  білдіреді.

   Модераторы -  белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов.

   Оқырмандар назарына «Герольд Бельгер» тақырыбында көркемделген кітап көрмесі ұсынылды.
   Тұсаукесерде С.Құтықадам, А.Осман, С.Ананьева, М.Сембин, Э.Хуршудян, К.Мансуров, Ә.Смагулов, Д.Амантай, Р.Қайшыбаева, Ғ.Хамраев, О.Жатканбайкызы және т.б. сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Г.Бельгердің  шығармашылығына талдау жасап, жазушылық қызметінің ролі мен маңызын ерекше атап өтті.

   Іс-шараға танымал қазақстандық жазушылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының кітапханашылары, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование