KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062559
2019 жылы:  128094
бүгiн:  1964
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2013

   2013 жылы 18-20 желтоқсанда  Көрмелер залында «Қазақстан Республикасындағы материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны жүзеге асыру жөніндегі ұлттық әлеуеттілігін нығайту» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік  Бюросы.

   Семинардың мақсаты: ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясын орындаудың халықаралық механизмдері туралы білімді кеңейту, жедел қорғауды және адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезента-тивті тізіміне енгізуді қажет ететін материалдық емес мәдени мұра элементтерінің тізіміне беру үшін тапсырыс беру үлгілерін толтыру бойынша  практикалық тәжірибелер алу. Семинарға қатысушылар материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі бағдарламалармен, жобалармен және іс-шаралармен танысып, халықаралық көмек беру түрлерімен және шарттарымен, сонымен қатар, материалдық емес мәдени мұраны бірдейлестіру, инвентаризациялау және сақтау барысындағы  мемлекеттің, үкіметтік емес ұйымдардың, қауымдастықтардың және материалдық емес мәдени мұра элементтерін тікелей тасымалдаушылардың ролі туралы ақпараттар алады.

   Тренерлер: Илья Фетисов – Украинаның материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі сараптамалау кеңесі басшысының орынбасары, фольклорист (Украина), Сабира Солтонгельдиева – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра жөніндегі кеңесшісі (Қырғызстан).

   Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификат тапсырылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование