KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887500
2019 жылы:  21215
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.12.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде танымал жазушы және қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанованың 70 жасқа толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Алтыншаш Жағанова 1945 жылы 23 желтоқсанда Ақмола облысы  Астрахан ауданының  Астраханка ауылында туған. 1974 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.  Еңбек жолын 1961 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастап, кейін Целиноград қаласында аудандық және облыстық комсомол комитеттерінде қызмет атқарған. 
  1965-1970 ж. –  «Қазақстан» баспасында редактор, 1970-1976 ж.  – «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, 1976-1982 ж. – ҚазКСР-нің Мемлекеттік киностудиясында бас редактор, 1982-1987 ж. – «Жаңа фильм» жорналында бас редактор, 1987-1988 ж. – Қазақстан Компартиясы ОК-де инструктор, 1988-1994 ж. – «Қазақстан әйелдері» журналында бас редактор, 1990-1993 ж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі,  ана мен бала және отбасын қорғау комитетінің төрайымы, 1994-1995 ж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің Мәдениет, баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің төрайымы, 1995-1999 ж. – «Қазақстан әйелдері» журналында бас редактор, 1997-1999 ж. – «Амазонка» журналында бас редактор, 1999-2004 ж. – ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрайымы, 1995-2003 ж. – «Қазақстанның Дәуірлеу партиясының» төрайымы, 2003-2010 ж. - «Руханият» партиясының төрайымы.                            
   А.Жағанованың әңгімелері мен повестерінде халықтар достығы мен бауырмалдығы және әйел тағдыры бейнеленеді. Жазушы өзінің көркем шығармаларында адам жанының  нәзіктілігін  лирикалық тұрғыда шеберлікпен көрсете білді. Ол, әсіресе, актриса Әмина Өмірзақова мен суретші Гүлфайруз Исмаилованың творчестваларына арналған еңбектерінде байқалады.
   1967 жылы «Амина, волки и конец света» атты алғашқы шығармасы жарық көрді. Шығармада  шопан қызы кішкентай Әминаның өмірі туралы айтылады. Осы шығармадан кейін жазушының «Аққоян – Құмай тазы» (1970), «Шалунья» (1972) повестері, «Бәрі де анадан басталады» (1977), «Ала жіп аттағандар» (1982),  «Беймаза әйел» (1985) пьесалары т.б. жарыққа шықты. 1974 жылы жазушының сценарийі бойынша толық метражды «Муслима» атты көркем фильм түсірілді. А.Жағанованың әңгімелері қазақ және неміс тілдеріне аударылып, Германия баспаларында басылып шыққан.

   Алтыншаш Жағанова «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. Алматы қалалық кеңесінің депутаты, ҚКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990), ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994). ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат (1995, 2004). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000), «Құрмет» орденінің иегері (2008).

   Көрмеде жазушы Алтыншаш Жағанованың өмірі мен қызметі жайлы материалдар, сондай-ақ: «Амина, волки и конец света» (1967), «Шалунья» (1972, 1983), «Аккоян – белая гончая» (1972), «Еркежан» (1975), «Эхо по кругу» (2002) кітаптары және т.б.  мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование