KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887531
2019 жылы:  21246
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.12.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі француз жазушысы философ Альбер Камюдің туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Альбер Камю 1913 жылы 7 қарашада Мондови (қазіргі Дреан, Алжир) қаласында туылған. 1918 жылы бастауыш мектепке барып, бес жыл өткен соң лицейге тіркелген.  1932-1937 жылдары Алжир  университетінде оқып, философияны меңгереді, осы кездері күнделік жүргізуді, эссе жазуды бастайды. Алғашқы жинақтары – «Изнанка и лицо» және «Бракосочетания». 1936 жылдың мамырында «Неоплатонизм и христианская мысль» атты еңбегі үшін философия магистрі дәрежесіне ұсынылады.
   1936-1937 жылдары А.Камю Франция, Италия және Орталық Европа елдеріне саяхат жасап, 1935 жылы көктемде Астурия көтерілісіне атсалысып, Француз коммунистік партиясына кіреді.
   1936 жылы Алжирде «Еңбек театрын» ұйымдастырып, 1937 жылы оның атауы «Команда театры» болып өзгертілді. Бұл жерде Камю өзін бірінші рет актер және драматург ретінде көреді, достарымен бірігіп «Восстание в Астурии» пьесасын жазады. 1938 жылы Камю Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында шыққан «Республикалық Алжир» газетінде журналист болады.
   1940 жылы Камю Парижге қоныс аударып, антифашистік қозғалысқа кіреді. 1942 жылы  Камюдің «Посторонний» және «Миф о Сизифе»  атты философиялық эссесі кітап болып басылып шықты. Абсурдтық мәселелер жөніндегі шығарма¬лары жазушыға үлкен танымалдылық әкелді.
   1944 жылы Камю «Чума» романын аяқтап, ол 1947 жылы жарық көреді. Соғыстан кейінгі Еуропада «Калигула» және «Недоразумение» пьесаларының қойылымдары үлкен жетістікпен өтеді. Камю 1950 жылдардың ортасында театрға қайтып оралады, сол кезде ол өзінің бірнеше сахналық қойылымдарын, сонымен бірге Фолькнердің «Реквием по монахине» және Достоевскийдің «Бесы» атты қойылымдарын сахналады. 1951 жылы Либертердің анархистік басылымында жазушының тіршіліктің ішкі және сыртқы мағынасыздығына қарсы адамның «бүлікшілік анатомиясын» зерттеген бағдарламалық философиялық «Бунтующий человек» атты эссесі, 1956 жылы Камюдің жаңа заманға байланысты ащы мысқыл мен сенімсіздікке толы «Падение» атты повесі жарық көрді.
   1957 жылы 44 жастағы Альбер Камю Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша ең жас иегері атанады, бұл марапат әдебиетке қосқан зор үлесі үшін беріледі. Сол жылы Камюдің «Изгнание и царство» атты әңгімелер жинағы жарияланды.
   Альбер Камю 1959 жылды  толығымен өмірбаяндық «Первый человек» романына арнайды, бірақ роман жазушының қазасына байланысты (1960 жылы 4-ші қаңтарда жол апатынан) аяқталмай қалады. Роман бірінші рет 1994 жылы жарияланды. Оның кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, авторға үлкен танымалдылық әкелді.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы әлем тілдерінде басылған Альбер Камюдің шығармалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование