KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887524
2019 жылы:  21239
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.12.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі поляк ақыны Адам Мицкевичтің 215 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Адам Бернард Мицкевич – поляк ақыны, саяси публицист, ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. ХІХ ғасырда поляк және беларусь әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосушылардың бірі. Польшада, Белоруссияда және Литвада романтизм дәуірінің белгілі ақыны болып саналады. 1798 ж. 24 желтоқсанда Новогрудкаға жақын Заосье қыстағында қарапайым қорғаушы отбасында дүниеге келген.
 Ол  1815 ж.  Виленский университетіне түседі.  1818 ж.  патриоттық ағарту ісімен айналысатын жасырын филоматтық (білімге талпынушы) және филареттік (қайырымдылық жасаушылар) студенттік қоғам қызметіне атсалысады. 1819-1823 ж. Ковно және Вильно қалаларында мұғалім болған.
   Ақын Германия, Швейцария, Италия қалаларында тұрып, 1832 ж. Парижге қоныстанып, поляқ, литва, белорусь эмиграция өкілдерімен бірігіп, саяси публицистикамен айналысады. 1818 жылы бірінші «Zima miejska» өлеңі «Tygodnik Wilenski» газетінде  жарық көреді. «Поэзия» (1822ж.) атты бірінші өлеңдер жинағына  «Баллады и романсы» өлеңі және  «Романтикалық поэзия туралы» еңбегінің алғы сөзі енгізіліп,  кейіннен осы жинақ поляк әдебиетіндегі романтикалық бағыттағы манифест аталады. Жинақтың екінші томына «Гражина» романтикалық лиро-эпостық поэмасы   және «Дзяды» атты драмалық поэмасының 2-ші, 4-ші бөліктері енгізіледі. 1826 ж. Ресейде «Крымские сонеты» еңбегінің циклдары енгізілген  «Сонеты» атты кітабы жарыққа шығарылды, кітапта   туған жерінен алыстаған ақын  сағынышын және алғаш рет поляк поэзиясына  шығыс мотивін  көрсете білді.
   1828 ж. Санкт-Петербургте император Николай І-ге арналған «Конрад Валленрод» поэмасы жарыққа шықты. Поэмада литва халқының неміс крест ұстаушылармен күресі баяндалады. «Поэзия» жинағына (т.1-2,1829) лирикалық өлеңдері, «Фарис» поэмасы және балладалары енген. Поляк мессианистерлерінің көркем публицистика¬лық ой-пікірлері «Книги польского народа и польского пилигримства» атты жинағында анық байқалады. Ақынның ең ірі шығармаларының бірі – «Пан Тадеуш» атты  эпикалық поэмасы,  1832-1834 ж. жазылып, 1934 ж. Парижде басылып шықты. Еңбек ұлттық эпопея және сурет өнерінің аса көрнекті туындысы болып табылады. Поэманы – Н.В.Берг, В.Г.Бенедиктов, Г.П.Данилевский, С.Ф.Дуров, А.Н.Майков, Л.А.Мей, П.И.Вейнберг, А.П.Колтоновский, К.Д.Бальмонт, В.Я.Брюсов, И.Северянин және т.б.  белгілі жазушылар орыс тіліне аударған. 1999 ж. поляк режиссері А.Вайдой экранға шығарды.
   А.Мицкевич поэзиядан рухани күш алып, алғашқы болып Еуропа депутаттарының ақылгөйлері арасында   поляк ұлттық  поэзиясын жоғары  деңгейге көтерді.
   А. Мицкевичтің шығармаларын деңгейі әртүрлі ақындар мен аудармашылар орыс тіліне аударды. А.С.Пушкин «Три Будрыса», «Воевода» және «Кондрад Валленрод» атты балладаларын тұп-тура аударып, аударма өнерінің шыңын көрсетсе, 1827 ж. аудармашылар И.И.Козлов пен П.А.Вяземский (прозаик) «Крымские сонеты» атты поэмасын толықтай сөзбен-сөз аударды. Ақын 1855 ж. Ресейге қарсы күрес үшін Константинополь қаласына барып, ағылшындар мен француздарға Жаңа поляк және еврейлік легион ұйымдастыруға ниеттенеді, бірақ 1855 ж. 26 қарашада холера дертінен дүние салады. Ол Парижге жерленіп, кейіннен 1890 ж. Краков қаласына көшіріледі.

   Көрмеде  ҚР Ұлттық кітапхана қорындағы А.Мицкевичтің шығармалары және ол туралы әлем тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмені көруге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование